freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Соңғы қоңырау болмайды. Орнына сынып сағаты өтеді

Қоғам •
Соңғы қоңырау болмайды. Орнына сынып сағаты өтеді

Су тасқынының болуы және 25 мамырдың демалыс күніне сәйкес келуіне байланысты 24 мамыр күні барлық мектепте 2023-2024 оқу жылының аяқталуына арналған сынып сағаты ұйымдастырылады, деп хабарлайды Malim.kz.

Онда сынып жетекшілері оқушылармен бірге өткен оқу жылын қорытындылайды, - деді министрлік өкілі Қарлығаш Құрманбекова.

Биыл елімізде 3,8 млн-нан астам оқушы 2023-2024 жылғы оқу жылын аяқтайды.

Оның ішінде, 186 мың түлек мектеп бітіреді.

11 (12) сынып түлектеріне аттестат тапсыру және ерекше үлгідегі «Алтын белгімен» марапаттау 12-15 маусым аралығында мектептердегі барлық емтихандар аяқталғаннан кейін өтеді.

Бұған дейін хабарланғандай, биыл 9-11 сынып түлектеріне ақша жинап, түрлі шара жасауға тыйым салынады. Мұндағы мақсат –  мектеп бітірушілердің қауіпсіздігін және олардың емтиханға дайындалуын қамтамасыз ету. 
Фото: интернеттен

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу