Қазақстанда шомылу маусымы басталғалы қанша адам суға кетті

Су айдындарында ТЖМ 42 құтқару бекеті халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Malim Админ

  • 18.06.2024

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов 18 маусымда өткен Үкімет отырысында Қазақстанда шомылу маусымы басталғаннан бері қанша адам суға батып кеткенін айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

ТЖМ басшысының айтуынша, жыл сайын суда жүздеген адам қаза табады, олардың басым бөлігі жазғы кезеңде.

2020 жылдан бері судағы адам өлімінің саны 437-ден 227-ге дейін азайды. Құтқарушылары жыл басынан бері 76 адамды, суға шомылу маусымы басталғалы – 24 адамды құтқарды. Ағымдағы жылдың басынан бастап 45 адам, ал 1 маусымнан бері 27 адам суға батып кетті, - деп хабарлады Әрінов.

Министрдің ақпаратынша, су айдындарында ТЖМ 42 құтқару бекеті халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Келесі жылы Шалқар, Имантау көлдерінің бойында және Қосшы қаласында 3 модульдік станцияның құрылыстары аяқталады. Бірақ ірі су қоймаларында 15 станция жеткіліксіз.

Сондай-ақ ТЖМ жазғы кезеңде қайықтармен және құтқару құралдарымен жабдықталған мобильді посттар қояды. Олар су айдындарына кезекшілік пен патрульдеу жұмыстарын жүзеге асырады.

Суға батып кеткендердің 95 %-і тыйым салынған орындарда тіркелетінін ескере келе, әкімдіктермен бірлесіп суға шомылу мен демалуға рұқсат етілген орындарды жылдан жылға ұлғайтудамыз. Олардың саны бүгін 708-ге жетті және барлығы "2GIS" платформасында орналасқан. Маусым айының аяғына дейін тағы 33 жағажай қосымша ашылатын болады, - деп қосты Шыңғыс Әрінов.

Фото: twitter.com

Байланысты жаналықтар

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

16.05.2025

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

14.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025
MalimBlocks
СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

Бұдан бөлек, жоба жасанды интеллектті пайдаланудың кейбір түріне де тыйым салады

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді