Қазақстандық десантшылар парадқа қатысу үшін Мәскеуге аттанды

Арман Қайыпхан

  • 26.04.2025

9 мамырда Мәскеудегі парадқа Қазақстан Республикасының атынан Десанттық-шабуылдау әскерлері Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Иван Панфилов атындағы 37 десанттық-шабуылдау бригадасының әскери қызметшілерінен құралған парадтық есептоп шығады, деп хабарлайды Malim.kz.

1941 жылы Волоколамск бағытында Мәскеуді ерлікпен қорғаған 316 атқыштар дивизиясының құрамында Панфилов жауынгерлері болды. Барлық жеке құрамның шайқастарда көрсеткен ерлігі, табандылығы, батылдығы мен жанқиярлығы үшін дивизия "ҚЫЗЫЛ ТУ" орденімен марапатталып, "ГВАРДИЯЛЫҚ" деген атақ берілді.

Чкаловский әскери әуеайлағында қазақстандық десантшыларды Ресей Федерациясындағы Қазақстан Қорғаныс министрлігінің қорғаныс мәселелері жөніндегі атташесі генерал-лейтенант Талғат Қойбақов қарсы алды. Ол жауынгерлерге тарихи маңызы бар шарада елдің атынан абыроймен сап түзеп өтуіне тілектестік білдірді.

Салтанатты лекті 37-ші десанттық-шабуылдау бригадасының командирі, екінші дәрежелі "Айбын" орденімен және "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен марапатталған полковник Алмас Төлегенов басқарады.
Парадтың есептобында барлығы 80 адам бар. Оның ішінде 2 офицер, 28 келісімшарт бойынша әскери қызметші және 40 мерзімді қызметтің сарбазы.

37-ші десанттық-шабуылдау бригадасы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Жедел ден қою ұжымдық күштерінің құрамына кіреді. Бұл әскери құрылым жауынгерлік тұрғыда әркез дайын. Бейбіт уақытта ол төтенше жағдай режимінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мемлекеттік шекараны күшейту, аса маңызды объектілерді күзету және қорғау, бөлімшелерді терроризмге қарсы операцияларда, табиғи және техногендік сипаттағы жағдайларда қолдану міндеттерін орындайды.

Фото: Қорғаныс министрлігі

Байланысты жаналықтар

Киев пен Мәскеу бейбіт келісімге келсе, теңгенің жағдайы не болмақ?

22.05.2025

Италия өңірін азат етуде қаза болған 36 қазақстандық жауынгер туралы білесіз бе?

12.05.2025

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

09.05.2025

Мәскеудегі шеруде Қазақстан қарулы күштерінің сарбаздары сап түзеді

09.05.2025

Шымкентте көзі тірі екі соғыс ардагеріне көлік сыйлады

09.05.2025

Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

09.05.2025
MalimBlocks
Киев пен Мәскеу бейбіт келісімге келсе, теңгенің жағдайы не болмақ?

Италия өңірін азат етуде қаза болған 36 қазақстандық жауынгер туралы білесіз бе?

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

Мәскеудегі шеруде Қазақстан қарулы күштерінің сарбаздары сап түзеді

Шымкентте көзі тірі екі соғыс ардагеріне көлік сыйлады

Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады