Қазақстандықтарға жылуға төлеген 768 млн теңгесін қайтарып береді

Ауа температурасына байланысты төлем қайта есептеліп жатыр

Мәди Саматұлы

  • 23.11.2024

Монополистер ел тұрғындарына жылу үшін артық төлеген 768 миллион теңгеден астам қаржысын қайтарып береді. Finprom сайтының жазуынша, қайтарылатын ақша қазіргі жылыту маусымындағы жеке шоттарға көрсетіледі, деп хабарлайды Malim.kz.

«Табиғи монополиялар туралы» заңнамаға сәйкес, табиғи монополия субъектісі сыртқы ауаның нақты температурасына байланысты жылу энергиясымен қамтамасыз ету бойынша реттелетін қызметтің құнын қайта есептеуге міндетті. Бұл қайтару тікелей тұтынушыларға беріледі немесе тұтынушының орналасқан жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда, реттелетін қызмет тарифін төмендету арқылы жүзеге асырылады.

Осылайша, 2023/2024 жылғы өткен жылыту маусымы бойынша жылумен қамтамасыз ету саласында қызмет көрсететін ТМС есептеу құралдары жоқ тұтынушылар үшін жылу энергиясына төлемді қайта есептеді. Қайтарылған жалпы сома ҚҚС-ты қосқанда 768,2 миллион теңгені құрады.

Ең үлкен қайтару ақысы Шығыс Қазақстан облысында тіркелді – 354,5 млн теңге. Одан кейін Алматы қаласы (95,4 млн тг) және Маңғыстау облысы (60,9 млн тг) тұр. Қызылорда облысы (38,6 млн тг), Ақтөбе облысы (37,7 млн тг), Ақмола облысы (33,5 млн тг) және Қостанай облысы (32 млн тг) да едәуір қаражат қайтарған.

Сонымен қатар, Ұлытау және Қарағанды облыстарының тұтынушылары үшін басқа әдіс қолданылады: бұл өңірлерде жылу энергиясымен қамтамасыз ету қызметінің құны сыртқы ауаның нақты температурасы ескеріле отырып есептеледі.

Фото: объясняем.рф

Байланысты жаналықтар

Қымбат пәтер мен көлік алған: Шымкентте университет қызметкерлері ақша жымқырған

19.05.2025

Әкім бухгалтері ақша жымқырған: соталды тергеу басталды

16.05.2025

"Самұрық-Энерго" АҚ тобынан 199 млрд теңгеге тиімсіз шығын анықталды

13.05.2025

Қазақстанда жаңа банкнот айналымға шығады

08.05.2025

4 айда Ұлттық қордан 2 трлн теңге алынған

05.05.2025

Бүгін теңге тағы арзандады

30.04.2025
MalimBlocks
Қымбат пәтер мен көлік алған: Шымкентте университет қызметкерлері ақша жымқырған

Әкім бухгалтері ақша жымқырған: соталды тергеу басталды

 

"Самұрық-Энерго" АҚ тобынан 199 млрд теңгеге тиімсіз шығын анықталды

Қазақстанда жаңа банкнот айналымға шығады

4 айда Ұлттық қордан 2 трлн теңге алынған

Бүгін теңге тағы арзандады