Қазақтың "Атымтай Жомарттары": пәтер сыйлап, ел көтергендер

Сұлу Бөлек

  • 27.05.2025

Қазақта "берсе, берекесімен берсін" деген сөз бар. Кейінгі жылдары елімізде "берсе, бақандай жүз пәтермен беретін" жаңа деңгейдегі жомарттар пайда болды. Бұрын Атымтай Жомартты ертегіден іздесек, қазір олар ел назарында. Malim.kz тілшісі қайырымдылықпен ерекшеленген тұлғаларға шолу жасады. 

Тұрсынғали Алагөзов 

 

 

Кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов жылдар бойы қызмет етіп келе жатқан 100 қызметкеріне пәтер сыйлады. 

Пәтерлерді алғандардың 80 пайызы – қарапайым жұмысшылар, яғни лауазымы жоғары болмаса да, компанияға жан-тәнімен адал қызмет еткен адамдар. Олардың көпшілігі GALANZ bottlers зауыты ашылғаннан, 1998 жылдан бері еңбек етіп келеді.

Төрсенғали Алагөзовтің айтуынша, бұл шешім аяқасты қабылданған жоқ.

"Бүгін сіздерді алғыс айту үшін жинадым. Жылдар бойы бірге кәсіпті дамытып, ел сүйетін өнімдер шығардық. Сіздерді қуантқым келді. Бұл пәтерлер – менің алғысымның бір белгісі. Мұны бәрі "бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі" дейді, ал мен үшін бұл – жүректен шыққан әрекет", – деді ол салтанатты жиында.

Болат Өтемұратов қоры 

Кәсіпкер әрі меценат Болат Өтемұратовтың атындағы қор да жыл сайын мұқтаж жандарға көмек береді. Қор бес күн бұрын мұқтаж астаналықтарға 500 жаңа пәтер табыстады. 
Болат Өтемұратов қоры Астана әкімдігіне жалпы құны 10,5 млрд теңге болатын 500 пәтерді табыстаған. Жаңа баспанаға дәрігерлер, мұғалімдер, құтқарушылар мен басқа да бюджеттік сала қызметкерлері ие болды. Пәтерлер жайлы санатқа жатады, заманауи тұрғын үй кешендерінде орналасқан, лифт, бет-әлпетті тану жүйесі, жерасты автотұрағы және кең ауламен жабдықталған.

Тимур Құлыбаевтың Halyk қоры 

Былтыр қыркүйекте Halyk қайырымдылық қоры Астанадағы баспанаға мұқтаж отбасыларға арнап "Compass North" тұрғын үй кешенінен Астана әкімдігіне 400 жаңа пәтер берген. 

"Мұқтаж жандарға баспана сыйлау – бұл жай ғана көмек емес, әділетті қоғам құруға қосқан үлесіміз. Тимур Құлыбаевтың "Halyk" қорының қолдауы бұл отбасылардың болашаққа деген сенімін арттырады деген үміттеміз. Біздің мақсатымыз – адамдар бұл үйлерде өмір сүріп қана қоймай, қамқорлық пен қолдауды сезінсе екен", – деді қор басшысы Сағынбек Шүңкеев.

Қара бетперде таққан жігіт 

Сондай-ақ желіде қара бетперде таққан жігіттің игі істерін бақылауға болады. Instagram әлеуметтік желісінде қазір 2,3 миллион оқырманы бар. Ол көмекке зәру адамдарға қол ұшын созып, халық ықыласына бөленіп жүр. Алайда қазір нақты қанша адамға пәтер сыйлағаны белгісіз. 

Фото: коллаж 

Байланысты жаналықтар

Баян Мақсатқызының күйеуі қызметкерлеріне 100 үй сыйлады

27.05.2025

ҰБТ-да 140 балл жинаған Жәнібек Әбілханға пәтер сыйланды

22.05.2025

Қымбат пәтер мен көлік алған: Шымкентте университет қызметкерлері ақша жымқырған

19.05.2025

Астанада әскери шеруді терезеден көргісі келген тұрғынға ескерту жасалды

07.05.2025

Халық банк Құлыбаевтарға шамамен 223 млрд теңге дивиденд төлейді

03.05.2025

Шымкентте алғаш рет пәтерін жалға берген тұрғын сотталды

02.05.2025
MalimBlocks
Баян Мақсатқызының күйеуі қызметкерлеріне 100 үй сыйлады

ҰБТ-да 140 балл жинаған Жәнібек Әбілханға пәтер сыйланды

Қымбат пәтер мен көлік алған: Шымкентте университет қызметкерлері ақша жымқырған

Астанада әскери шеруді терезеден көргісі келген тұрғынға ескерту жасалды

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды

Халық банк Құлыбаевтарға шамамен 223 млрд теңге дивиденд төлейді

Шымкентте алғаш рет пәтерін жалға берген тұрғын сотталды

Пәтерді жалға алушы азамат көз жұмған