457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қостанайда әкімдік бухгалтері 9,7 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды

Қостанай облысының прокуратурасы бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды, деп хабарлайды Malim.kz.

Тергеу материалдарына сәйкес, Новотроицк ауылдық округі әкімдігі аппаратының әдіскер-бухгалтері 2021 жылдың тамызынан 2025 жылдың наурызына дейінгі аралықта қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, үнемделген 9,7 млн теңгені өзінің жеке карточкалық шотына заңсыз аударып, қаражатты өз пайдасына жаратқан.

Айыпталушының әрекеті Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы — ірі мөлшерде сеніп тапсырылған мүлікті қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып ұрлау бойынша сараланып отыр. Бұл бап бойынша ең жоғары жаза – 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеу және өмір бойына белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қылмыстық іс Қарабалық аудандық сотына жолданды.

Фото: freepik.com