Құлыбаев Financial Times-қа шыққан материал үшін Бас прокуратураға шағымданды

Malim Админ

  • 09.12.2020

Тимур Құлыбаев Financial Times басылымында шыққан материал үшін Бас прокуратураға шағымданды. Inbusiness.kz. сайтының жазуынша, Құлыбаев Бас прокуратурадан жарияланған материалға байланысты ресми тексеріс жүргізуді сұраған.

«Financial Times басылымына 3 желтоқсан күні шыққан мақалаға байланысты мынаны айтамыз. Тимур Құлыбаев жалған мәліметті мақалада айтылған дүниелерге келіспейді. Онда негізсіз тұжырымдар айтылған, нақты фактіге сүйенбеген, ресми деректерге кереғар субъективті пікір жазылған. Тимур Құлыбаев мақалада айтылған келісімдерге тура, жанама түрде қатысы жоқ. Осыған сәйкес Тимур Құлыбаев Бас прокуратураға жан-жақты ресми тексеріс жүргізу үшін шағымданды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Financial Times газеті Тимур Құлыбаевтың Қытай мен Еуропаны жалғайтын газ құбыры жобасынан жасырын жолмен ондаған миллион доллар пайда көрді деп жазған болатын.

Financial Times редакциясына 2008-2014 жылдар аралығындағы электронды хаттар түскенін, онда Құлыбаевтың газ құбыры келісім шартынан қалай пайда көргені жазылғанын айтады.

Ондағы көрсетілген схемамен Тимур Құлыбаев келіспей отыр екен. Тимур Құлыбаев –  KazEnerqy ассоциациясының төрағасы, Қазақстан ұлттық экономикалық «Атамекен Одағы» палатасы президиумының төрағасы, Қазақстан Республикасы Бокс федерациясының төрағасы, «Газпром» РАҚ-ы директорлар кеңесінің мүшесі.

Байланысты жаналықтар

Динара Сәтжанға үйленген кәсіпкердің бірінші әйелі туралы тың дерек шықты

17.04.2025

Алматы облысында кәсіпкер серіктесін өлтіріп, көлігімен бірге өртеп жіберген

03.04.2025

Президент марқұм Александр Машкевичтің отбасына көңіл айтты

22.03.2025

Танымал кәсіпкер Александр Машкевичтің неден қайтыс болғаны айтылды

22.03.2025

Белгілі кәсіпкер Александр Машкевич өмірден өтті

22.03.2025

Астаналық кәсіпкер арам өлген малдың етін сатқан

13.03.2025
MalimBlocks
Динара Сәтжанға үйленген кәсіпкердің бірінші әйелі туралы тың дерек шықты

Кәсіпкердің 4 ұл, 1 қызы бар екені мәлім болды

Алматы облысында кәсіпкер серіктесін өлтіріп, көлігімен бірге өртеп жіберген

Алматы облысында кәсіпкер серіктесін өлтіріп, көлігімен бірге өртеп жіберген

Президент марқұм Александр Машкевичтің отбасына көңіл айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев марқұм Александр Машкевичтің отбасына көңіл айтты

Танымал кәсіпкер Александр Машкевичтің неден қайтыс болғаны айтылды

Eurasian Resources Group (ERG) және Еуразиялық қаржы компаниясының акционері, директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевичтің неден қайтыс болғаны айтылды

Белгілі кәсіпкер Александр Машкевич өмірден өтті

Астаналық кәсіпкер арам өлген малдың етін сатқан