Роман Скляр жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды

Арман Қайыпхан

  • 15.02.2025

ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды, деп хабарлайды Malim.kz.
Сапар барысында делегация өңірдегі бірқатар нысанды, соның ішінде Қызылорда қаласындағы «Қорқыт Ата»  халықаралық әуежайының жаңа терминалы жұмысымен танысты.

Одан кейін Роман Скляр делегация мүшелерімен Қызылорда қаласында жүзеге асырылып жатқан «Жолаушылар вагондарын жөңдеу, техникалық қызмет көрсету кешені және вагон құрастыру зауыты» жобасы таныстырылды. Жобаға 15,4 млрд теңге инвестиция тартылып, оны іске асыру екі кезең бойынша жүзеге асады.

 Роман Скляр сонымен қатар Қызылордадағы жаңа ЖЭО құрылысының барысымен танысты. Жобаның құны – 215 млрд теңге, қуаты – 240 МВт. Бүгінгі таңда инвестор – «Ақса Энерги» түрік компаниясы нысанның құрылысына 135 млрд теңгеден астам қаржы салды. Жаңа ЖЭО іске қосылған кезде өңірді электр энергиясымен толық қамтамасыз етеді.

Айта кету керек, өңірде шағын өнеркәсіптік аймақтарды құру бойынша да белсенді жұмыстар жүргізілуде. Бұл өз кезегінде халықты жұмыспен қамту, шағын және орта бизнес субъектілері үшін инфрақұрылым мәселелерін шешуге ықпал етеді.

ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр облыста атқарылған жұмыстарды атап өтіп, Қызылорда өңірі республиканың оңтүстігінде экономикалық өсімнің драйвері болуға тиіс екенін атап өтті.

Фото: Үкімет

Байланысты жаналықтар

Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

16.04.2025

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

16.04.2025

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

16.04.2025

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

16.04.2025

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

16.04.2025
MalimBlocks
Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

Депутат Дәулет Мұқаев бұған дейін тұсау кесемін деп хабарландыру жариялағаны үшін сынға қалған. Ол хабарландыруды не үшін таратқанын Мәжіліс кулуарында бұл жолы журналистерге түсіндіріп беруге тырысты