Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

Арман Қайыпхан

  • 12.05.2025

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты, деп хабарлайды Malim.kz оның әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.

"Менің басыма түскен ауыр жағдайдан көпшілігіңіз хабардарсыздар деп білемін. Бұл оқыс оқиға маған да, менің отбасым мен жақындарыма да ауыр тигені анық. Мұны сөзбен айтып жеткізу өте қиын.

Алайда, сынаққа толы болған осы уақыт аралығында көптеген адамдардың, әріптестерімнің, тамыр-таныстарымның жанашырлығын, қолдауын, тілектестігін сезіндім. Телефоныма түскен қоңыраулар, хабарламалар, әлеуметтік желідегі тілеулес жазбалар көңіліме демеу болғанын, күш-қуат бергенін, сергіткенін айтқым келеді", дейді Берденов. 

Шенеунік 3 аптадан аса уақыт ауруханада жатқан.

"Өзім де аяқтан тұрып, күнделікті тіршілігіме оралатын сәт таяп қалды. Әлбетте, бірінші Алланың, содан соң дәрігерлеріміздің жіті бақылауының, ем-домының арқасында денсаулығым оңалды, қалпына келді. Осы уақыт ішінде мен еліміздің медицинасы көп ілгерілегеніне, шетелдік клиникалардан еш кем еместігіне көз жеткіздім. Ақ халатты абзал жандарымыздың мейірімі мен кәсібилігі де ризашылығымызға әбден лайық. Баршаңыздың қолдауларыңыз бен жанашырлықтарыңызға шексіз алғысымды айтамын", дейді Руслан Берденов. 

Еске сала кетейік,  21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігі ғимараты маңында атыс болды. Салдарынан Руслан Берденов жарақат алды. Полиция мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Байланысты жаналықтар

Шымкент құтқарушыларына жыландарға қатысты 25 шақырту түскен

11.05.2025

Үндістан мен Пәкістан атысты тоқтату туралы келісімді растады

11.05.2025

Үндістан мен Пәкістан атысты тоқтату жөнінде келісімге келді - Трамп

10.05.2025

Талғар ауданында атыс болды

09.05.2025

Марғұлан Сейсембай ауруханада жатқан Руслан Берденовпен кездесті

09.05.2025

Шымкентте көзі тірі екі соғыс ардагеріне көлік сыйлады

09.05.2025
MalimBlocks
Шымкент құтқарушыларына жыландарға қатысты 25 шақырту түскен

Үндістан мен Пәкістан атысты тоқтату туралы келісімді растады

Үндістан мен Пәкістан атысты тоқтату жөнінде келісімге келді - Трамп

Талғар ауданында атыс болды

Марғұлан Сейсембай ауруханада жатқан Руслан Берденовпен кездесті

Ол Берденовті «адал, тәртіпті, нағыз отаншыл азамат» деп атап өтті

Шымкентте көзі тірі екі соғыс ардагеріне көлік сыйлады