Шамалғанда болған автобус апатынан кейін өткелдер құрылысы қалай жүргізіліп жатыр?
2019 жылы Шамалған стансасында пойыз бен автобус соқтығысқан еді

Астанадағы Орталық коммуникаиялар қызметінде Алматы облысы әкімі Марат Сұлтанғазиевтің қатысуымен баспасөз конференциясы өтуде. Malim.kz тілшісі аймақ басшысынан Шамалғанда теміржолда болған автобус апатынан кейін облыс аумағында өткелдер құрылысы қалай жүргізіліп жатқанын сұрады.
«Автобус апатының болғанына 5 жылдан асты. Бүгінгі таңда жол салынып, қолданысқа берілді. Оның ішінде жаяу жүргіншілер жолы бірнеше жыл бұрын салынған болатын»,-деп жауап берді Сұлтанғазиев.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы 16 қыркүйекте Алматы облысындағы Шамалған стансасында пойыз бен автобус соқтығысты. Салдарынан
оқиға орнында автобус жүргізушісі мерт болып, тағы 3 адам пойыз бен автобус соқтығысты. Оқиға орнында автобус жүргізушісі мерт болып, тағы бірнеше адам жан сақтау бөліміне түскен еді.
Фото: ҚТЖ