freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

ЕҚДБ Қазақстан экономикасына 1,3 млрд еуродан астам инвестиция салуы мүмкін

Экономика
ЕҚДБ Қазақстан экономикасына 1,3 млрд еуродан астам инвестиция салуы мүмкін
Үкімет

Олжас Бектенов ЕҚДБ, ExxonMobil және Marubeni басшылығымен инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Премьер-министр Олжас Бектенов Астанаға ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысына қатысу үшін келген Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассо, ExxonMobil-дің аға вице-президенті Питер Ларден және Marubeni Corporation-ның басқарушы атқарушы директоры Сатору Ичинокавамен бірқатар кездесу өткізді.

Кездесулер барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында Үкіметтің алдына қойған экономиканы дамыту және жаңа инвестициялық циклды жүзеге асыру жөніндегі міндеттері тұрғысында ынтымақтастықты одан әрі кеңейту перспективалары талқыланды.

ЕҚДБ президенті Одиль Рено-Бассомен кездесуде құрылыс және әлеуметтік, көліктік, өнеркәсіптік, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы инвестициялық ынтымақтастықты арттыру, сондай-ақ қаржы саласындағы өзара іс-қимылды нығайту және бизнесті қолдау шаралары жөніндегі мәселелер талқыланды.

Премьер-министр Банктің Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жақсартудағы және ел экономикасының тұрақты дамуындағы маңызды рөлін атап өтті. Бірлесе жұмыс істеген жылдарда ЕҚДБ портфелі шағын және орта бизнес, қаржы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, энергетика, ауыл шаруашылығы және ақпараттық технологиялар салаларында жалпы сомасы $12,7 млрд болатын 354 жобаға жетті.

Одиль Рено-Бассо биыл ЕҚДБ-ның Қазақстан экономикасына инвестиция көлемі тарихи деңгейге жететінін хабарлады: бүгінгі күні Қазақстанда 800 млн еуродан астам сомаға жобалар қаржыландырылды. Жалпы, жыл қорытындысы бойынша инвестициялар ағыны 1,3 млрд еуродан асуы мүмкін деп күтілуде.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу