Шәмшінің әнін көшеде айтып, Мұқағалидің өлеңін базарда оқиды - Ринат Зайытов

Сабина Асқарқызы

  • 05.03.2025

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Мәжіліс отырысында латын әліпбиіне көшу мен дауыстық жарнамаға қатысты маңызды мәселелерді көтеріп, жауапты органдарға сауал жолдады,деп хабарлайды Malim.kz.

Республикалық маңызы бар қалалар – ол шетелдік туристерді көптеп тартатын қалалар. Бірақ бір нюанс бар. Кез келген жерде маңдайшада үш түрлі жазамыз: кириллицамен қазақша, кириллицамен орысша және латынша. Қазір минимализм заманы. Кириллицаны екінің бірі түсініп жатқан жоқ. Ең болмаса мемлекеттік емес орындарда маңдайшадағы жазуларды дизайн кодқа сай тек қана латын әліпбиінде жазу туралы ұсыныс берілсе, осыған Үкіметтің көзқарасы қалай? – деп сұрады депутат Серік Жұманғариннен.

Сонымен қатар Зайытов екінші сұрағын Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктерінің өкілдеріне қойды.

Сіздер дауыстық жарнаманы тоқтатамыз деп жатырсыздар. Ол қалай болады? Мысалы, Алтын орда базарында Мұқағалидің өлеңдерін оқып жүріп, кітап сататын ағамыз бар. Оны көру үшін арнайы баратын адамдар бар. Оныкы не қылмыс? Астанада бір апамыз бар. Ол Шәмшінің әндерін айтып жүреді. Алатау театрының “қазақша терапия” деген ұжымы бар. Олардың қымбат билбордтарға ақшалары жоқ. Байғұстар домбыраларын алып, метроның ішінде әндетіп жүріп, керемет әдемі көрініспен, киімдерімен жарнама жасайды. Осы мәселелерді қалай шешісіздер? Олардың не жазығы бар? Айыппұл саласыздар ма? Олардың жағдайы қалай болады? – дейді депутат.

Фото: Мәжіліс

Байланысты жаналықтар

Таразда депутат соққыға жығылды

14.05.2025

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

05.05.2025

Шабуыл жасалған Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы белгілі болды

04.05.2025

Депутат Аймағамбетов әйелдердің денсаулығына қатысты маңызды жаңалық айтты

03.05.2025

Депутат ажырасқандарға салықты көбейтуді ұсынды

30.04.2025

«Бұл өте қауіпті. Ринат Зайыт министрге МӘМС бойынша мәселелерді тізіп берді

30.04.2025
MalimBlocks
Таразда депутат соққыға жығылды

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

Ардақ Назаров ажырасқан адамдарға арнайы жарна төлетуді ұсынған

Шабуыл жасалған Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы белгілі болды

Депутат Аймағамбетов әйелдердің денсаулығына қатысты маңызды жаңалық айтты

Депутат ажырасқандарға салықты көбейтуді ұсынды

«Бұл өте қауіпті. Ринат Зайыт министрге МӘМС бойынша мәселелерді тізіп берді