Шаққалиев уақыттың өзгеруіне қарсыларды сынға алды

Арнайы білімі жоқ адамдар әлеуметтік желілерде өздерінің күнделікті қажеттіліктері үшін қолайлы болса екен деп даурығады

Аялдар Күнтуған

  • 19.11.2024

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бірыңғай уақыт белдеуінің енгізілуіне қарсыларды «бұл тұлғалардың арнайы білімі жоқ және олар оның [бұрынғы уақыттың] ұзақ мерзімді келеңсіз салдарын түсінбейді, – деген. Бұл туралы tengrinews.kz сайты жазды.

«Арнайы білімі жоқ адамдар әлеуметтік желілерде өздерінің күнделікті қажеттіліктері үшін қолайлы болса екен деп даурығады, сонымен бірге азаматтардың экономикасы мен денсаулығына ұзақ мерзімді келеңсіз салдары барын түсінбей, бөгде гипотезалар мен болжамдар жасайды.

Өтінішті қарау жөніндегі жұмыс тобы барлық дәлелдерді зерделеп, [бірыңғай уақыт белдеуіне көшудің] денсаулық пен экономикаға теріс әсер ететін ешқандай бұрыс шешім таппады», – деді Шаққалиев бүгін үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, өтінішті қарау нәтижесінде стандартты уақыт белдеуіне барынша бейімделу үшін жағдай жасауға бағытталған нақты жоспарлар әзірленді.

«Осылайша, уақыт белдеуін өзгерту туралы қабылданған шешімнің ғылыми негізі дұрыс және экономикалық тұрғыдан орынды», – деп қосты Арман Шаққалиев.

Фото: gov.kz

Байланысты жаналықтар

Тоқаев бірыңғай уақыт белдеуі туралы соңғы шешімді айтты

14.03.2025

«Amanat» партиясының депутаты Үкіметті қатаң сынады

14.02.2025

Депутаттар уақыт белдеуіне қатысты зерттеуді наурызға дейін аяқтауды ұсынды

11.12.2024

«Осымен тоқтайық». Серік Жұманғарин уақыт белдеуін қайтару туралы айтты

23.10.2024

«Уақытты кері қайтару»: Петиция бойынша шешім шықты

02.08.2024

Уақыт белдеуінің өзгеруі туралы петиция: ДСМ қандай ұстанымда

02.08.2024
MalimBlocks
Тоқаев бірыңғай уақыт белдеуі туралы соңғы шешімді айтты

«Amanat» партиясының депутаты Үкіметті қатаң сынады

Біз, «Amanat» партиясының фракциясы, менің бастамаммен отырыс өткіздік. Мұны партияның басым бөлігі қолдады, – деді Тұмашинов.

Депутаттар уақыт белдеуіне қатысты зерттеуді наурызға дейін аяқтауды ұсынды

Парламент мәжілісінің депутаттары тиісті мемлекеттік органдарға бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты ғылыми-зерттеу жұмысын 2025 жылдың наурызына дейін аяқтауды тапсырды.

«Осымен тоқтайық». Серік Жұманғарин уақыт белдеуін қайтару туралы айтты

Бұл мәселені қысқа мерзімде емес, орта мерзімді перспективада зерттеп, оның қандай әсер ететінін анықтауды ұсынды

«Уақытты кері қайтару»: Петиция бойынша шешім шықты

Жұмыс тобы Денсаулық сақтау, Білім және ғылым министрліктеріне алдағы үш жыл ішінде бірыңғай уақыт белдеуінің халық денсаулығына әсерін зерттеуді ұсынды.

Уақыт белдеуінің өзгеруі туралы петиция: ДСМ қандай ұстанымда

Кейінгі ғылыми деректер мен ғалымдардың қорытындысы бойынша уақыттың бір сағатқа өзгеруі мен оның денсаулыққа айтарлықтай әсері арасында тікелей байланыс жоқ.