«Осымен тоқтайық». Серік Жұманғарин уақыт белдеуін қайтару туралы айтты

Бұл мәселені қысқа мерзімде емес, орта мерзімді перспективада зерттеп, оның қандай әсер ететінін анықтауды ұсынды

Мадина Қайнарова

  • 23.10.2024

Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин елдегі бұрынғы уақыт белдеуін қайтару туралы айтты.

- Негізінен алғанда, шешімді қабылдаудың белгілі бір регламенті бар. Үкімет қандай да бір шешімдер қабылдаған кезде әрдайым референдум өткізуі тиісті емес. Ол үшін алқалы орган бар. Бұл жағдайға келсек, шешім қабылдар алдында қажетті зерттеулер жүргізілді. Шешім белгіленген тәртіпке сәйкес қабылданды. Одан кейін регламент шеңберінде петиция пайда болды, петиция қаралып, түпкілікті шешім  қабылданды. Регламент бұзылған жоқ, - деді Серік Жұманғарин.

Айтуынша, қарсы тараптың «дәлелдері»  расталмаған.

- Қазір бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы адамдар да бар. Олардың көбі айтқан дүниелер расталмай жатады. Мысалы, денсаулыққа кері әсері бары, электр энергиясын тұтыну көлемі артып жатқаны. Ерте тұру қажеттігі, кеш ерте бататыны да айтылады, – дейді ол.

Премьер-министрдің орынбасары бұл мәселені қысқа мерзімде емес, орта мерзімді перспективада зерттеп, оның қандай әсер ететінін анықтауды ұсынып отыр.

- Үкімет бұл мәселені көтеріп, қайталап түсініктеме беруді көздеп отырған жоқ. Егер біз әрдайым регламенттен ауытқып кете беретін болсақ... Шешім болды, петиция қаралды, шешімді бекіту керек деп ойлаймын. Осымен тоқтайық, — деді Серік Жұманғарин.

Фото: gov.kz

Байланысты жаналықтар

Инклюзивті қоғам: 108,9 мың адам жұмыспен қамтылды

21.05.2025

Жезқазғандағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға қанша бөлінді?

19.05.2025

Роман Скляр жұмыс сапарымен «Нұр Жолы» өткізу пунктінің өндірістік қызметімен танысты

18.05.2025

Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

17.05.2025

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

17.05.2025

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

15.05.2025
MalimBlocks
Инклюзивті қоғам: 108,9 мың адам жұмыспен қамтылды

Инклюзивті кабинеттер ашу мәселесі де маңызды міндеттердің бірі