Депутаттар уақыт белдеуіне қатысты зерттеуді наурызға дейін аяқтауды ұсынды

Парламент мәжілісінің депутаттары тиісті мемлекеттік органдарға бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты ғылыми-зерттеу жұмысын 2025 жылдың наурызына дейін аяқтауды тапсырды.

Malim Админ

  • 11.12.2024

Бұл туралы мәжіліс спикері, Ерлан Қошанов Үкімет мүшелері қатысқан «AMANAT» фракцияның кеңейтілген жиынында мәлімдеді.

Отырыста мәжіліс депутаттары Үкімет мүшелеріне бірыңғай уақыт белдеуінің енуіне байланысты ел тұрғындарын алаңдатқан түрлі сауалды жеткізді. Мысалы, депутат Жанарбек Әшімжан Алматы, Жетісу облыстары мен өзге де аймақ халқы атынан келіп түскен өтініштер жайлы айтты. 

Депутат Ерлан Саиров болса, уақыт белдеуіне байланысты үкімет пен парламенттің ұстанымы бір болуы керек екенін алға тартты. Мәжіліс депутат Юлия Кучинская мұндай мәселе үкіметтің қаулысымен емес, заңмен реттелуі керек деген пікірін білдірді. 

Жиынға Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қатысып, депутаттардың сөзін тыңдады.

Жиналыс соңында мәжіліс спикері Ерлан Қошанов уақыт белдеуі қоғамда қызу талқыланатын тақырып екеніне тоқталды. Өз кезегінде үкімет мүшелері мәселеге қатысты көпфакторлы ғылыми-зерттеу жүргізуге қатысты шешім қабылдады. Ал оның қортындысы 3 жылдан кейін белгілі болмақ. Осыған орай, спикер Е.Қошанов ойын білдірді.  

- Уақыттың өзгеруі, ең алдымен, азаматтарымыздың денсаулығы мен әл-ауқатына, тұрмысына қалай әсер ететініне қатысты нақты жауап алуымыз керек. Осы мәселеге бас мән беру қажет. Сонымен қатар, Үкімет айтып отырған үш жыл – тым ұзақ мерзім деп есептеймін. Зерттеу жұмысын үш айда аяқтағандарыңыз жөн. Алдағы жылдың наурыз айында зерттеу қорытындыларымен және нақты шешу жолдары бар ұсыныстармен келесіздер деген үміттеміз, – деді Ерлан Қошанов.

Фото: 

Фото: Әли Ғалым 

 

 
 

Байланысты жаналықтар

Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

17.05.2025

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

17.05.2025

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

15.05.2025

Таразда депутат соққыға жығылды

14.05.2025

20 мыңға жуық әскери қызметшінің несиелері кейінге шегерілді

07.05.2025

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

05.05.2025
MalimBlocks
Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

Таразда депутат соққыға жығылды

20 мыңға жуық әскери қызметшінің несиелері кейінге шегерілді

Кейінге қалдырылған қарыздардың жалпы сомасы 7,5 млрд

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

Ардақ Назаров ажырасқан адамдарға арнайы жарна төлетуді ұсынған