Шарлапаев: Утиль алымға қарсылар – шетелден көлік әкеліп сататындар

Қазіргі таңда Үкіметте утиль алымды өзгерту бойынша ешқандай жоспар жоқ.

Берік Дәулетов

  • 24.05.2024

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Сенат кулуарында Үкіметте утиль алымды өзгерту бойынша ешқандай жоспар жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Утилизациялық алымға қарсы топтардың өкілдері Астанаға келіп, менімен тікелей сөйлесті. Үлкен пікірталас болды. Ол жерде парламент мәжілісінің депутаттары да болды. Ал олардың саны 12 еді. Әлбетте, бәріміз утильалымға қатысты мемлекет саясатының өзгеруіне байланысты ойымызбен бөлістік. Жалпы, ол адамдардың басым бөлігі шет елден автокөлік әкеліп сататындар екен.

Қазіргі таңда Үкіметте утиль алымды өзгерту бойынша ешқандай жоспар жоқ. Бұл - бірінші мәселе. Әрине, халықтың пікірі ескерілуі керек. Бірақ оны заң бойынша істеуіміз қажет. Қазіргі таңда (утиль алымға қарсы) петиция жүріп жатыр. Петиция аяқталғаннан кейін оны Үкімет деңгейінде қараймыз. Заң бойынша процедура осындай, - деді министр.

Сондай-ақ ол утилизациялық алымнан түскен қаражат қайда жұмсалатынын айтты.

Қаражатты бағыттауға қатысты келер болсақ, оның белгілі бір бөлігі ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға кетті. Автобустардың сатып алуына келсек, ақшаны қоғамдық көлікті дамытуға жұмсап отырғанымыз заңдылық деген ойдамын. Осылайша, қалалардың тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартамыз", - деп түсіндірді Қанат Шарлапаев.

Айта кетейік, бұған дейін депутаттар утиль алымды төмендету мәселесін көтерген еді.

Ал қоғам белсендісі Санжар Боқаев бастаған утиль алымға қарсы петицияға 49,5 мың қазақстандық қол қойып үлгерген.

Еске салсақ, бұған дейін Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев еліміздегі утиль алым мөлшерлемесін төмендетуге неліктен қарсы екенін айтқан болатын.

Фото: Kazinform

Байланысты жаналықтар

Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

17.05.2025

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

17.05.2025

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

15.05.2025

Қазақстандықтар ресейлік кәсіпкердің кофеханасына бойкот жариялады

05.05.2025

Министр әскерде соққы алған Ербаян Мұхтардың жағдайын айтты

29.04.2025

Қазақстанның жері Қытайға сатылғаны рас па? Үкімет жауабы

28.04.2025
MalimBlocks
Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

Қазақстандықтар ресейлік кәсіпкердің кофеханасына бойкот жариялады

Министр әскерде соққы алған Ербаян Мұхтардың жағдайын айтты

Қазақстанның жері Қытайға сатылғаны рас па? Үкімет жауабы

бұл - жалған ақпарат