Саусақтарын шауып тастаған: Кәсіпкерде 20 жыл құлдықта болған отбасы

Арман Қайыпхан

  • 04.02.2025

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Ақсуат ауылында тұратын бүтін бір отбасы 20 жыл құлдықта болғанын айтып, жанайқайын жеткізді, деп хабарлайды Malim.kz.

24kz мәліметінше, Олар сол өңірге белгілі кәсіпкерден жылдар бойы қорлық көріп келгенін жеткізген. Қожагелді Жалғасбаев осыдан 20 жыл бұрын қазақстандық кәсіпкер "жұмыс тауып беремін" деген уәдемен отбасымен бірге шекарадан алып өткенін мәлімдеген. Оның айтуынша, содан бері көрген күні адам айтса сенгісіз.

20 жылдан бері айдалада малын баққызып, қолыма көк тиын да ұстатпады, -дейді ол.

Жалғыз өзін ғана емес, жолдасы мен бала-шағасын да қара жұмысқа жеккенін айтады.

Шекарадан өздері алып өтті мені. Осы жаққа әкеп, мал бақтырып қойды. Сол 20 жыл болды ғой. Мал баққаныма бұл жерге. Ана адамға да, мына адамға да айтам. Құдай айдап, мына ініме айттым. Осы кісілермен кетіп қалдым, қашып кеттім мен. Бала-шағам қалды ана жақта, - дейді Қожагелді Жалғасбаев.

Айдалада мал бағып жүрген жерінен Қазалы қаласының тұрғыны үйіне әкеліп, ас ауқатын беріп, киім-кешекпен қамтамасыз еткен.

Қанша азап көріп келе жатырмын ғой мен. Ұрып-соғады. Айдалада жатам жаздай. Бала-шаға әр жерде жүр. Әйелім бір жақта жүр. Балалар соның жұмысында жүр. Баламның қолын мына жерден шауып тастаған. Балаларды да ұрып-соғады. Үш балам да оқымайды. Мектепке бармаған. Өтірік анықтама алады екен бұлар, оқып жатыр деген.  Үшеуі де сауатсыз, - дейді Қожагелді Жалғасбаев.

Сөзінше, үш баласы да құлдықта жүрген жылдары өмірге келген.

Екі баламды мына лашықта өмірге әкелдім. Бұл балаларымды көрген де жоқпын. Сол жаққа алып кетеді, бір өзім жүрдім малдың басында. "Ананы, мынаны істемедің", - дейді. Қорасы тазаланбай қалады, маған айтады: "Қора тазаланбады, неғып отырсың. Үлкен ұлды тыр жалаңаш қойды далаға, күн суықта. Үстіне суық су құйды, - деп бөлісті Шолпан Жалғасбаева.

Естіген адамның төбе құйқасын шымырлататын оқиға туралы екі апта бұрын белгілі болған. Аталған жайтқа аудандық полиция бөлімінің өкілі пікір білдірді.

Бас бостандығынан заңсыз айыру фактісі бойынша полиция тергеп-тексеру бастады. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу іс-шараларының кешені жүргізіліп жатыр", - деді Қазалы АПБ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Қуандық Оразов. 

Фото: видеодан скрин

Байланысты жаналықтар

Балаларды зорлық зомбылықтан қорғайтын сим-карта іске қосылады

19.04.2025

Елімізде тағы бір тасжол ақылы болады

18.04.2025

Атақты "Бозжыра" шатқалында визит орталығы салынатын болды

18.04.2025

Құлдықта болған екі қызға берілген үйді сатып жіберген

18.04.2025

"Сақ болыңыздар". Алматы әкімі тұрғындарға үндеу жасады

18.04.2025

1-сыныпқа қабылданған 70 пайыз бала қазақ тілінде білім алуды таңдаған

18.04.2025
MalimBlocks
Балаларды зорлық зомбылықтан қорғайтын сим-карта іске қосылады

Осы сим-картаның көмегімен ата-аналар баласының қандай қосымшаларды пайдаланып жүргенін бақылай алады

Елімізде тағы бір тасжол ақылы болады

Атақты "Бозжыра" шатқалында визит орталығы салынатын болды

Құлдықта болған екі қызға берілген үйді сатып жіберген

Ілияс Сәриев есімді блогер жігіт апалы-сіңілі қыздарға баспана кілтін табыстаған еді

"Сақ болыңыздар". Алматы әкімі тұрғындарға үндеу жасады

WhatsApp мессенджерінде Алматы әкімі Ерболат Досаев пен әкімдік қызметкерлерінің атынан жалған хабарламалар тарап жатыр. Әкімдік бұл жағдайға қатысты үндеу жасады

1-сыныпқа қабылданған 70 пайыз бала қазақ тілінде білім алуды таңдаған

Оқу-ағарту министрлігінің айтуынша, 1-сыныпқа 119 мың бала қабылданған