Сенатор Қазақстанда жылына 25 тоннаға жуық алтын заңсыз өндірілетінін айтты

Сенат депутаты Андрей Лукин елдегі заңсыз алтын айналымы мәселесіне назар аударды. Оның мәліметінше, елімізде кеншілікпен заңсыз айналысатындар жыл сайын 25 тоннаға жуық бағалы металл өндіреді, деп хабарлайды Malim.kz.

Malim Админ

  • 28.03.2024

Палата отырысында Лукин 2020-2023 жылдар аралығында Қазақстанда алтынның заңсыз айналымына қатысты 7 қылмыстық іс тергеліп, оның 4-і сотқа жіберілгенін айтты. Келтірілген шығын 1,5 миллиард теңгеден асқан.

Бас прокуратураның мәліметінше, соңғы 4 жылда заңсыз айналымға, бағалы металдарды өндіруге және ұрлауға қатысты 133 қылмыс тіркелген, - деді Лукин.

Депутат 2023 жылдың қарашасында жалған кеншілерден алтын өнімдерін сатып алумен айналысқан қылмыстық топтың жойылғанын мысалға келтірді.

Кейін астыртын цехтарда осындай алтыннан белгілі брендтердің атын жамылып жасалған бұйымдар Астана және Шымкент қалаларындағы сауда үйлерінде сатылған. Тексеру кезінде қылмыскерлерден 1 келіден астам алтын мен 100 дана бұйым тәркіленді, - деді сенатор.
 

Парламент депутаттары мұндай заң бұзушылықтармен күресу үшін алтын кеніштеріндегі бақылауды күшейту керек деп санайды.

Шамамен есептесек, заңды түрде өндірілген әрбір үш тонна алтынмен бірге бір тонна алтын заңсыз өндіріледі екен. Республика бойынша, бұл көрсеткіш жылына 25 тонна алтынды құрайды. Мәселені шешудің басты жолы - бақылауды күшейту, - деді сенатор.


Фото: inform.kz

Байланысты жаналықтар

Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

16.04.2025

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

16.04.2025

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

16.04.2025

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

16.04.2025

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

16.04.2025
MalimBlocks
Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

Депутат Дәулет Мұқаев бұған дейін тұсау кесемін деп хабарландыру жариялағаны үшін сынға қалған. Ол хабарландыруды не үшін таратқанын Мәжіліс кулуарында бұл жолы журналистерге түсіндіріп беруге тырысты