Шерзат Болат ісі: изоляторда туған күн тойлағандарға қатысты шешім қабыланды

Сабина Асқарқызы

  • 16.03.2025

Алматы облысының полициясы Шерзат Болаттың өліміне қатысты күдіктілерді уақытша ұстау изоляторында әртүрлі камераларға орналастырды, деп хабарлайды  Malim.kz Kursiv.Media-ға сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, мұндай шешім, күдіктілердің туған күнін атап өтіп жатқан сәті түсірілген видео жанжалынан кейін қабылданған.

Полиция күдіктілерді әртүрлі камераларға бөліп орналастырумен қатар, оларға қатысты заңнамаға сәйкес «қосымша шаралар» қолданғанын мәлімдеді. Алайда нақты қандай шаралар екені көрсетілмеді.

Ақпан айының ортасында интернетте Шерзат Болаттың өліміне күдіктілердің ҰҰИ ішінде туған күн тойлап жатқан видеосы тараған еді. Бұл жағдай үлкен дау туғызды. ҚР Ішкі істер министрлігі қызметтік тексеру жүргізіп, видеоны түсіруге ҰҰИ қызметкерінің қатысы бар екенін анықтады. Ол «қызмет мүдделерін сатқаны» және «қызметтік тәртіпті бұзғаны» үшін жұмыстан шығарылды. Тексеріс нәтижесінде 16 адам, оның ішінде ҰҰИ басшысы да жазаланды. Кейбірі қызметтен босатылды.

Бұл іс бойынша барлығы 10 адам күдікті ретінде танылған. Ақпан айының соңында Ішкі істер министрлігі тергеудің аяқталғанын мәлімдеп, істі прокурорларға жолдады. Көп ұзамай іс сотқа жіберіледі.

Фото: ашық дереккөз

Байланысты жаналықтар

Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Сауд Арабиясынан экстрадицияланды

19.05.2025

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

16.05.2025

Армениядан қауіпті қылмыскер экстрадицияланды

16.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі бұған дейін адамға шабуыл жасағаны үшін 7 жылға сотталған

14.05.2025
MalimBlocks
Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Сауд Арабиясынан экстрадицияланды

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

Армениядан қауіпті қылмыскер экстрадицияланды

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі бұған дейін адамға шабуыл жасағаны үшін 7 жылға сотталған