Шерзат ісі: айыпталушылар шетелге қашпақ болған

Бүгін Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 16 жастағы Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Мalim.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Бүгінгі сот отырысында 2024 жылы 4 қазанға қараған түні айыпталушылар көлікте сөйлескен сәттің аудиожазбасын тыңдалды.
Жәбірленуші тараптың адвокаттары әңгімеде айтылған ең маңызды тұстарын оқып шықты. Айыпталушы Нұрқияс Ильясов оқиға кезінде Шерзаттың анасының өзін тоқтатуға тырысқанын, бірақ соған қарамастан оның ұлын ауыр жарақаттағанын мойындаған.
Сондай-ақ, айыпталушылар шабуыл кезінде қолданылған қарудың қайдан келгені жөнінде өзара сөйлескен. Олар қылмыстан кейін елден қашу жоспарын да қарастырған – нақтырақ айтқанда, Грузия мен Ресейге кетуді қарастырған.
Олардың бірі – Азамат Тоқтаубаев бөтен біреудің телефонын алғанын мойындаған. Оның айтуынша, ол телефонды дүкен маңынан тауып алып, кейін достарына қайтармақ болған.
АЙЫПТАЛУШЫЛАР ӘҢГІМЕНІ РАСТАДЫ
Сотта тыңдалған жазбалардағы дауыс иелері – айыпталушылардың өздері екені де расталды. Олар жазбада естілген дауыстардың өздеріне тиесілі екенін мойындады.
Іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр.
СУДЬЯҒА ҚАРСЫЛЫҚ
Еске салайық, күні кеше Шерзат Полаттың өліміне байланысты сот отырысында сотталушы тараптың адвокаты судьяға қарсы шағым түсірген болатын. Алайда Абзал Шынасылдың қорғаушысы Әбеновтің сотқа төрағалық етуші судья Ержан Жанұзақовқа қарсы түсірген шағымы қанағаттандырылмады.
Фото: Жоғарғы сот

Самое читаемое
