Шерзат ісі: Абзал Шынасыл Нұрқанат Ғайыпбаевқа пышақ сұққанын мойындады

Талғарда кісі қолынан қаза болған 16 жастағы Шерзат Полаттың сотында негізгі айыпталушы Абзал Шынасылдан жауап алу басталды, - деп хабарлайды malim.kz тілшісі ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
21 мамырдағы сот отырысында Абзал Шынасыл өзін фото-видеоға түсіруге қарсылық білдірмеді. Бұған дейін сотталушылардың барлығы өздерін түсіруге қарсы болған. Ол Нұрқанат Ғайыпбаевқа пышақ ұрғанын мойындады. Сөзінше, төбелес кезінде Ғайыпбаев оларға қарсы мылтық атқан.
"Барсам екпетінен жатты. Құймышағы ашық жатыр екен. Содан пышақты екі-үш сантиметр етіп ұстап, жамбасынан ұрып жібердім. Бәрі кеттік-кеттік деді, сосын кетіп қалдық", – деді Абзал Шынасыл.
Абзал Шынасыл ҚК 99-бабы (Адам өлтіру), 24-бабы (Қылмысқа дайындалу және оқталу), 293-бабы (Қару қолдану арқылы бұзақылық жасау) айып тағылған.
Фото: Видео кадры