Шерзат Болаттың әкесін полиция ұстап әкетті

Арман Қайыпхан

  • 10.12.2024

Бүгін, 10 желтоқсанда сағат 15:30-да Алматы облысы Азат ауылында Шерзат Болаттың ағасы  Нұрқанат Ғайыпбаевты ақтық сапарға шығарып салды.  Жерлеу рәсімі кезінде отбасындағы екі жақынынан бірдей айырылған Қаржаубай Нұрымов журналистермен кездесуді жөн көрген.


Желіге жарияланған видеода оның тергеуді әділ өткізуді талап еткені байқалады. Тағы бір видеокадрда өзін Нұрымовтың жақынымын деген адам Қаржаубай "өз өзіне қол салмақшы" болды дейді. 

Ал Алматы облысы полиция департаменті "Н. есімді азамат прокурордың заңды сақтау туралы түсіндірмесін елемей, өзін агрессивті ұстады, айналасындағы адамдарға қауіп төндіріп, суицид жасаймын деп қорқытты. Полиция қызметкеріне пышақпен шабуыл жасады. Оның мінез-құлқы өзіне де, айналасындағы жандарға да қауіп төндірді. Оның жағдайына алаңдаған туыстары мен адвокаттарының өтініші бойынша полиция Н. есімді азаматты ұстады", – деп мәлімдеді.

Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Меруерт Морякованың айтуынша,  қазір Қ.Нұрымов полиция бөліміне жеткізілді, онымен психологтар жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік, 9 желтоқсан таңертең Алматы облысының полициясы Талғар қаласы маңынан 30 жастағы ер адамды өлі күйінде тапты.   Ол азаматтың биыл күзде Талғардағы жанжал кезінде қаза тапқан Шерзат Полаттың ағасы екені анықталды.

"Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол асылып, өзіне қол жұмсаған" деді полиция. Марқұм Шерзаттың туыстары Нұрғанат Ғайыпбаевтың "суицид жасағанына " сенбей отыр. 

Еске сала кетейік, 4 қазан күні Талғар қаласында жанжал болып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болат пышақтан көз жұмған болатын.  Қазір бұл іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. 

Фото: КазТаг

Байланысты жаналықтар

Полиция вебкам арқылы ақша тапқан «модель» қыздарды ұстады

14.01.2025

Былтыр іздеуде жүрген 2 мыңдай адам қолға түскен

11.01.2025

Қысымға ұшыраған атыраулық мұғалім суицид жасамақ болған

11.01.2025

Жамбыл облысында діни радикалдар тобының 11 мүшесі ұсталды

10.01.2025

Полиция 11 жастағы қыздарға хат жазған блогерге қатысты пікір білдірді

10.01.2025

Соңғы 2 жылда елімізде 600-ден астам қылмыскер жауапкершілікке тартылған

08.01.2025
MalimBlocks
Полиция вебкам арқылы ақша тапқан «модель» қыздарды ұстады

Былтыр іздеуде жүрген 2 мыңдай адам қолға түскен

Хабар-ошарсыз кеткен 1361 адамның мекенжайы анықталған

Қысымға ұшыраған атыраулық мұғалім суицид жасамақ болған

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

Жамбыл облысында діни радикалдар тобының 11 мүшесі ұсталды

Полиция 11 жастағы қыздарға хат жазған блогерге қатысты пікір білдірді

Соңғы 2 жылда елімізде 600-ден астам қылмыскер жауапкершілікке тартылған

Оның ішінде 27-сі халықаралық іздеуде болған