Шерзаттың әкесі Алматы облысынан көшкісі келетінін айтты

Ол өзін айыптағандарға жауап берді.

Сабина Асқарқызы

  • 15.10.2024

Ұлынан айырылып, қара шаңырағы өртенген Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов өзін қылмыс болған күні «камерада пышақ ұстап жүрді» деп айыптағандарға жауап берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Қайғы-қасіреттен шаршадым. Мен тек әділ сот болуын қалаймын. Менің не бауырымның кінәсі болса, жазаласын. Менің баламды өлтірген адам да әділ жазаға кесілсін. Себебі баламның жарақаттарын жасырмақ болды. Ештеңеге таңғалмайтын жағдайға жеттім. Олар пышақпен келді, мен ол жерге қағаз бен қалам ұстап шықпайтын шығармын. Егер біз қан төксек, қараласаңыздар, «қанішер» деп жазаласаңыздар болады. Ал біз қан төккен жоқпыз, төкпейміз де. Сондықтан мені не отбасымды қаралаудың қажеті жоқ.

Егер өлтірген балалардың әкелері ер адам болса, олар менің алдыма келіп кешірім сұрар еді. Әлеуметтік желілерде үлкен кісілерді салып қойып немесе әйелдерді жіберіп қойып отырмаушы еді, - деп ашуға булықты Қаржаубай Нұрымов.

Сонымен қатар ол отбасының қауіпсіздігі үшін Алматы облысынан көшкісі келетінін де жасырмады. Ол президенттен және жоғары лауазымды тұлғалардан өзінің отбасының қауіпсіз жерге көшуін қамтамасыз етуін сұрады.

Президенттен, министрден сұрайтыным – отбасымның тыныштығы. Біз Алматыдан басқа жаққа көшіп кетуіміз керек. Соттың ұзаққа созылатыны анық. Қазір тек адвокаттарыма ғана сенетін жағдайға жеттім. Өзімнің өмірім үшін қорықпаймын, атып кетсін, пышақтап кетсін. Маған тек отбасымның, бауырым мен ата-анам, бала-шағамның амандығы керек. Соларды осы Алматы облысынан аман-есен алып шығып кетсем болды.

Иә, біздің құқық қорғау органдарындағы, әкімдіктегі былықты айтып қойдым. Сондықтан өлтіретін болсаңыздар да, жақындарым, ата-анам көрмесін деймін, - деді ол.

Фото: бейнежазбадан алынған

Байланысты жаналықтар

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

16.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі бұған дейін адамға шабуыл жасағаны үшін 7 жылға сотталған

14.05.2025

Шерзат Болаттың ісі: Күдіктілер ұстаған қарудың қайдан шыққаны анықталып жатыр

06.05.2025

Шерзат Болат ісі: судья прокурорды ауыстыруға қатысты шешім қабылдады

06.05.2025
MalimBlocks
Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі бұған дейін адамға шабуыл жасағаны үшін 7 жылға сотталған

Шерзат Болаттың ісі: Күдіктілер ұстаған қарудың қайдан шыққаны анықталып жатыр

Оқиға орнына қаруды кім әкелгені әлі белгісіз болып тұр

Шерзат Болат ісі: судья прокурорды ауыстыруға қатысты шешім қабылдады