Шетелден 10 млрд теңгеге ұрық аламыз - депутат

Арман Қайыпхан

  • 22.01.2025

Мәжіліс отырысында депутат Анас Баққожаев отандық мал шаруашылығы саласындағы жасанды ұрықтандыру мәселелерін көтерді, деп хабарлайды Malim.kz.

Депутаттың мәліметінше, жыл сайын шетелден мал ұрығын алу үшін Қазақстан 10 млрд теңге қаржы жұмсайды.

Депутат мемлекетке қарасты екі орталықтың мәселесін көтерді. 

Қазақстанда асыл тұқымды малдан ұрық алып, оны көбейтіп, сақтап, шаруаларға сапалы қызмет көрсетуге толық мүмкіндігі бар 2 мекеме жұмыс істеп тұр. Бірі - мемлекетке қарасты "Асыл түлік" акционерлік қоғамы, екіншісі - Талдықорғандағы "Асыл" жекеменшік орталығы. Осыдан 10 жыл бұрын "Ақсанат инжиниринг" деген орталық жұмыс істеген еді. Мемлекет тарапынан тиісті қолдау болмаған соң жабылып тынды. "Асыл түлік" пен "Асылдың" да жағдайы мәз емес. Біреуі ешқандай инвестиция болмаған соң, мекемені банкротқа түсіріп алмайын деп, әртүрлі ғылыми жобаларға қатысып, "өлместің" күнін көріп жүр. "Асыл" болса, ұрық өндірісін тоқтатпас үшін өзінің жеке қаражатымен мекемені ұстап отыр, деді депутат.

Депутат Үкімет тарапынан министрлікке қыруар қаржы бөлінгенімен, орталықтарға көрсетіліп жатқан қолдаудың жоқтығынан мекемелер жабылу алдында тұрғанын алға тартты. 

Мал шаруашылығындағы ұрық өндіретін 2 үлкен мекемеге "өз күніңді өзің көр" деген саясат ұстанып отыр. Сонда қалай болғаны? Министрлік айналдырған екі мекемені дамыта алмағаны ма? Қолдан ұрықтандыру бойынша мамандардың саны жылдан жылға азайғанын айтпаса да белгілі. Қысқасы, жылдар бойы жинақтаған тәжірибе мен әлеуетімізден айырыламыз. Қасымыздағы Ресей мемлекеті санкцияның салдарынан шығу үшін бір жыныстық ұрық алу технологиясының лицензиясын сатып алып, бұл жұмысты толығымен жолға қойды. Бүгінде біздің отандық фермерлер, ұрықтың көп бөлігін шетелден әкеледі және жыл сайын сыртқа кететін қаржының көлемі 10 млрд теңгеден асып жығылады. Себебі "Асыл түлікте" де "Асылда" да бәсекеге қабілетті бұқалар да, қошқарлар да жоқ! Өйткені бұларды сатып алатын қаражаты жоқ. Осылай жалғаса берсе, екі мекеме де жақын арада жабылады, деп мәлімдеді ол Мәжілісте.

"Ауыл" партиясы фракциясының депутаттары сөз соңында министрлікке бірнеше талап қойды. 

  • "Асыл түлік" пен "Асыл" орталықтарына инвестициялық бағдарлама ұсынылып, қаражат 2026 жылғы бюджетке енгізілсін. Бұл қаражат әлемдік деңгейдегі бұқалар мен қошқарларды сатып алуға және өндірісті жаңартуға жұмсалсын.
  • Шетелдік ұрыққа субсидия тоқтатылсын, үнемделген қаржы мамандар санын арттыруға бағытталсын. Қолдан ұрықтандыруды меңгергісі келетін жастарды оқыту қажет.
  • Шетелден әкелінетін ұрықтардың сапасы зертханаларда тексеріліп барып қолданылсын. "Асыл түлік" пен ғылыми-зерттеу институттарының зертханалары пайдаланылсын.
  • "Асыл түлік" және ғылыми-зерттеу институттарына ұрықтан ұрғашы жынысты ұрық алу технологиясын меңгеруге қаражат бөлінсін.
  • Мал шаруашылығы палаталары тек отандық орталықтан алынған ұрықтарды қолданғанда ғана субсидияланатыны қағидамен бекітілсін.
  • Мемлекеттік инвестиция болмаған жағдайда, "Асыл түлік" АҚ акциялары тәжірибесі бар шетелдік инвесторларға ұсынылсын.

Фото: depositphotos.com

Байланысты жаналықтар

Күн сайын бір отбасы бұзылып, бір оқушы зәбір көріп, біреу алаяққа жем болады – Ринат Зайытов

19.03.2025

Орнықты даму жолындағы оң өзгерістер 

18.03.2025

«Дәлелдеп бере аламын»: Зайытов Абай опера театрындағы былық туралы айтты

06.03.2025

Шәмшінің әнін көшеде айтып, Мұқағалидің өлеңін базарда оқиды - Ринат Зайытов

05.03.2025

Аймағамбетов ата-аналар мен мұғалімдерден сүйінші сұрады

04.03.2025

"Декретке миллионмен". Депутат өзін айыптағандарға жауап берді

03.03.2025
MalimBlocks
Күн сайын бір отбасы бұзылып, бір оқушы зәбір көріп, біреу алаяққа жем болады – Ринат Зайытов

Депутаттың айтуынша, бүгінгі қазақ қоғамы туғанға тасбауыр, жақынға жау, досына дұшпан болып кетті.

Орнықты даму жолындағы оң өзгерістер 

Соңғы алты жылда сыртқы сауда айналымы бір жарым есеге, 94,8 миллиард доллардан 141,4 миллиард долларға дейін өскен

«Дәлелдеп бере аламын»: Зайытов Абай опера театрындағы былық туралы айтты

Депутат өнер ұжымының басшылығын сынады.

Шәмшінің әнін көшеде айтып, Мұқағалидің өлеңін базарда оқиды - Ринат Зайытов

Аймағамбетов ата-аналар мен мұғалімдерден сүйінші сұрады

"Декретке миллионмен". Депутат өзін айыптағандарға жауап берді