ШҚО-да қаржылық қауіпсіздік бойынша алғашқы Ұлттық олимпиадаға дайындық басталды

Арман Қайыпхан

  • 08.04.2025

8 сәуір күні С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да ШҚО бойынша Экономикалық тергеп-тексеру Департаменті ұйымдастырған қаржылық қауіпсіздік жөніндегі оқыту форумы өтті.

Бұл шара жастарды қаржылық қауіп-қатерлерден қорғауға бағытталған «Заң және тәртіп» бағдарламасының аясында ұйымдастырылды.

Іс-шараға ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов, мемлекеттік органдардың өкілдері, оқытушылар мен студенттер қатысты. Шараның негізгі мақсаты — жастардың қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттырып, қаржы саласындағы қауіптерді айқындау дағдыларын дамыту.

Қазір көптеген студенттер қылмыстық схемалардың құрбаны болуда. Бұл білім мен мұндай қаржылық операцияларға иммунитеттің болмауынан орын алады. Сондықтан біз Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесіп жұмыс жасап, қаржылық иммунитет пен мәдениетті қалыптастыруға тырысып жатырмыз. Осылайша сіздер алаяқтықты бірден анықтай аласыздар. Біз сіздерге толық сенеміз және олимпиадада терең біліміңізді жоғары деңгейде көрсететініңізге тілектеспіз, - деп атап өтті облыс әкімі.

Қатысушылар қазіргі заманғы алаяқтық схемалар, дропперлер және жеке қаржыны қорғаудың тәсілдері жайында пікір алмасты. Студенттер қаржылық қауіптер мен оларды анықтау жолдарын үйренді. ШҚУ ректоры Мұхтар Төлегеннің айтуынша, университет пен «Шабыт» театры халықты қаржылық қауіпсіздік жөнінде ақпараттандыру жұмыстарын қойылымдар арқылы жалғастырады.

Форум қаржылық қауіпсіздік бойынша алғашқы Ұлттық олимпиадаға дайындықты бастады. Олимпиада үш кезеңнен тұрады: онлайн-тест, эссе жазу және финал - интеллектуалды ойындар мен фиджитал-шахмат. Жеңімпаздар Ресейде өтетін Халықаралық олимпиадаға қатыса алады.

Сәуірдің 7-11 аралығында өңірдегі жоғары оқу орындары мен колледждерде Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері цифрлық алаяқтық, деректерді қорғау және қаржылық қауіпсіздік тақырыптарына арналған дәрістер өткізуде. Бұл шаралар шамамен 32 мың студентті қамтиды.

Дәрістер интерактивті ойындар, акциялар және флешмобтар арқылы өткізіліп, «Біз қаржылық қауіпсіздік үшін!» және «Дропперлерге NO!» ұрандарымен қорытындылануда. Бұл жастардың тақырыпқа деген жоғары қызығушылығын көрсетеді.

Біз осы іс-шаралар студенттерге тек теориялық білім беріп қана қоймай, қаржылық мүдделерін қорғауға қажетті практикалық дағдыларды игеруге де мүмкіндік беретініне сенімдіміз, - деп атап өтті ШҚО бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Арман Жүнісов.

Фото: ШҚО әкімдігі

Байланысты жаналықтар

Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

16.04.2025

ШҚО-да ҚХА кеңесінің отырысы өтті

11.04.2025

ШҚО әкімі жас ғалымдарды Ғылым күнімен құттықтады

11.04.2025

ШҚО-да инвестициялық және әлеуметтік-экономикалық жобаларды белсенді іске асыру жалғасып жатыр 

09.04.2025

Шығыс Қазақстанда екі әуежайдың құрылысы басталды

28.03.2025

2028 жылғы Олимпиадада бокстың тағдыры қалай болмақ?

18.03.2025
MalimBlocks
Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

ШҚО-да ҚХА кеңесінің отырысы өтті

Нұрымбет Сақтағанов ШҚО ҚХА кеңесінің отырысын өткізді

ШҚО әкімі жас ғалымдарды Ғылым күнімен құттықтады

Ғылым апталығы аясында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-де XI Халықаралық конференция өтті

ШҚО-да инвестициялық және әлеуметтік-экономикалық жобаларды белсенді іске асыру жалғасып жатыр 

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының сегізінші шақырылымының XX сессиясында облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов облыс дамуының Жоспарын орындау және 2024 жылға арналған облыстық бюджет туралы егжей-тегжейлі есеп берді

Шығыс Қазақстанда екі әуежайдың құрылысы басталды

2028 жылғы Олимпиадада бокстың тағдыры қалай болмақ?

2022 жылғы ақпанда бекітілген Олимпиада спорт түрлерінің тізіміне бокс енгізілмеген