ШҚО мен Алтай өлкесі шекаралас өңірлердің ынтымақтастығы арта түсті

Ресейдің көршілес шекаралық өңірінен келген делегация "Во все века" халықаралық гастрольдік жобасы аясында Өскеменде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған бірқатар іс-шаралар өткізеді

Сұлу Бөлек

  • 21.04.2025

Ресейдің көршілес шекаралық өңірінен келген делегация "Во все века" халықаралық гастрольдік жобасы аясында Өскеменде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған бірқатар іс-шаралар өткізеді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Делегация мүшелері Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде қабылданды. Жиын барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен басым бағыттары талқыланды.

ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановпен кездесуден кейін делегация сапар бағдарламасы бойынша жұмыстарын жалғастырды.

"Біз Ресей Федерациясының жеті өңірімен тығыз байланыстамыз. Алайда Алтай өлкесімен қарым-қатынасымыз ерекше, себебі біз тарихи әрі географиялық тұрғыдан өзара тығыз байланысқан аймақпыз. Біз әрдайым әріптестік рухта жұмыс істеп келеміз және бір-бірімізден үйренеріміз көп", – деді ШҚО әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев.

Ол ШҚО көршілес достық қарым-қатынасты сақтап, дамытуға мүдделі екенін айтып, өзара тиімді өңіраралық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарына тоқталды. Атап айтқанда, өнеркәсіп, туризм, мәдениет және спорт салалары назарда тұр.

Алтай өлкесі Үкіметі төрағасының орынбасары Виталий Снесарь көрсетілген қонақжайлылық үшін алғысын білдіріп, бұл салалардың барлығында ынтымақтастық орнатуға дайын екенін жеткізді.

Сондай-ақ, ол Алтай өлкесінің "Біздің ортақ үйіміз – Алтай" халықаралық үйлестіру кеңесіндегі төрағалығын ШҚО-ға табыстауға әзір екенін мәлімдеді. Бұл бірлестік құрамына Ресей, Моңғолия, Қытай және Қазақстан кіреді.

"Біз осы кеңестегі төрағалығымызды аяқтап жатырмыз. Енді бастаманы жалғастыру кезегі Шығыс Қазақстан облысына келіп отыр", – деді Виталий Снесарь.

Айта кетейік, сапар барысында делегация мүшелері "Жеңіс" мемориалдық кешеніне барып, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. Ал кешке "Ертіс концерт" сахнасында "Во все века" атты концерттік бағдарлама өтеді. Шараға Е. Борисов атындағы Алтай мемлекеттік орыс халық аспаптары оркестрі, А. Березиков атындағы "Алтай" мемлекеттік жастар ән-би ансамблі және қазақстандық солист-әртістер қатысады.

Фото: әкімдік ұсынған сурет 

Байланысты жаналықтар

Катонқарағайда қалың қар жауды

18.04.2025

ШҚО әкімі Ұлан ауданының ірі агро нысандарын аралады

17.04.2025

Әдеттегіден ерте тұрдық: ШҚО-да кене көбейген

17.04.2025

Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

16.04.2025

ШҚО-да ҚХА кеңесінің отырысы өтті

11.04.2025

ШҚО әкімі жас ғалымдарды Ғылым күнімен құттықтады

11.04.2025
MalimBlocks
Катонқарағайда қалың қар жауды

ШҚО әкімі Ұлан ауданының ірі агро нысандарын аралады

Кәсіпорынның материалдық-техникалық базасында 9 жүк көлігі мен 21 трактор бар

Әдеттегіден ерте тұрдық: ШҚО-да кене көбейген

Шығыс Қазақстан облысында кене шаққаннан кейін ауруханаға жүгінгендер саны күрт өсті

Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

ШҚО-да ҚХА кеңесінің отырысы өтті

Нұрымбет Сақтағанов ШҚО ҚХА кеңесінің отырысын өткізді

ШҚО әкімі жас ғалымдарды Ғылым күнімен құттықтады

Ғылым апталығы аясында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-де XI Халықаралық конференция өтті