Су тасқыны: Құлсарыда 23 жастағы құтқарушы көз жұмды

Оның артында ата-анасы, бауырлары мен жары қалды.

Malim Админ

  • 30.05.2024

Атырау облысы Құлсары қаласында суды техникамен сору арқылы авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында 2001 жылғы құтқарушы көз жұмды, деп хабарлайды Malim.kz.

Атырау облысы Төтенше жағдай министрлігінің ақпаратына сәйкес, 2024 жылы 29 мамырда Атырау қаласы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі азаматтық қорғау сержанты Рақым Бейбарыс Жалғасбайұлы Құлсарыда су сору бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында бақилық болған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Рақым Бейбарыс 2001 жылы Атырау қаласында туған. Азаматтық қорғау органдарында 2021 жылдан бастап қызмет еткен. Осы қысқа уақыт ішінде бірнеше ірі, күрделі өрттерге қатысып, адам өмірін, мүлкін құтқаруда, қорғауда бар күш-жігерін салып, халық алғысына да бөленгені хабарланады.

Бейбарыстың артында ата-анасы, бауырлары мен жары қалды. Отбасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз.Ол өз ісінің кәсіби маманы ретінде жүрегімізде мәңгі қалады. Әріптесіміздің иманы саламат болып, пейіште нұры шалқығай, – деп көңіл айтады департамент.

Фото: ТЖД

Байланысты жаналықтар

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

09.05.2025

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

07.05.2025

Құтқарушылар солтүстіктегі ауылды тасқын судан қорғап қалды

01.05.2025

Нұралы Әлиевтің әжесі өмірден өтті

30.04.2025

Құтқарушылар ел солтүстігіндегі бөгеттерді нығайтып жатыр

26.04.2025
MalimBlocks
Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

Өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып салғанын жеткізді

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

Құтқарушылар солтүстіктегі ауылды тасқын судан қорғап қалды

Нұралы Әлиевтің әжесі өмірден өтті

Ол әжесіне арнап жазба жариялады.

Құтқарушылар ел солтүстігіндегі бөгеттерді нығайтып жатыр