Су тасқыны: Құлсарылық 1067 адам эвакуациялық пунктте уақытша тұрып жатыр

Облыс бойынша арнайы ашылған 20 эвакуациялық пункт жұмыс істеп тұр.

Malim Админ

  • 24.04.2024

Атырау облысындағы су тасқыны кезінде Маңғыстауға эвакуацияланған тұрғындар бүгінде өңірдегі бірнеше арнайы пукнктте тұрып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, қазіргі уақытта жиырма эвакуациялық пунктте барлығы мыңнан астам құлсарылық тұрғын уақытша орналасқан.

Облыс бойынша арнайы ашылған 20 эвакуациялық пункт жұмыс істеп тұр. Олардың барлығында 1067 адам уақытша тұрып жатыр. Жалпы, өңір бойынша эвакуациялау орталықтарында 12 мың бос орын бар, - деді Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ал Ақтау қаласында бүгінде 600-ден астам құлсарылық тұрғын эвакуациялық орталықта тұрып жатыр.

Ақтау қаласы аумағындағы эвакуациялық қабылдау пункттерінде 619 адам орналасқан. Туыстарының үйлеріне немесе өздері орналасқандар құлсарылықтары саны 162-ні құрайды, - Ақтау қаласы әкімі аппаратының төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі бас инспекторы Манарбек Мұханбетов.

Сәуір айының басында Маңғыстау облысына Жылыой ауданындағы су тасқыны салдарынан 27 мыңнан астам адам көшірілген болатын.

Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккендерді орналастыру үшін Жаңаөзен қаласында 17 орын дайындалса, Мұнайлы ауданындағы Маңғыстау ауылында 4 орын, Маңғыстау ауданында 12, Қарақия және Түпқараған аудандарының әрқайсысында 6 эвакуациялық орын қосымша әзірленді. Ал Ақтау қаласындағы 17 пунктке құлсарылықтар қоныстанған еді.

Фото: insider-kz

Байланысты жаналықтар

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

Атырау облысында оқушылар екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан

12.05.2025

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

07.05.2025

Жайыққа батқан жасөспірім үш күннен бері табылмай жатыр

06.05.2025

Құтқарушылар солтүстіктегі ауылды тасқын судан қорғап қалды

01.05.2025

Құтқарушылар ел солтүстігіндегі бөгеттерді нығайтып жатыр

26.04.2025
MalimBlocks
Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

Атырау облысында оқушылар екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

Жайыққа батқан жасөспірім үш күннен бері табылмай жатыр

Құтқарушылар солтүстіктегі ауылды тасқын судан қорғап қалды

Құтқарушылар ел солтүстігіндегі бөгеттерді нығайтып жатыр