457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Судья өзгермейді: Шерзат Болат ісіндегі қорғаушы шағымы кері қайтарылды

Шерзат Полаттың өлімі бойынша сотқа төрағалық етуші судья Ержан Жанұзақов ауыспайтын болды, деп хабарлайды Malim.kz.

28 мамырдағы сот отырысында сотталушы Абзал Шынасылдың қорғаушысы Ж.Әбенов төрағалық етуші судья Ержан Жанұзақовқа қарсы шағым түсірді.

Қылмыстық кодекстің 87-бабында қарсылық білдірудің негіздері нақты көрсетілген. Қорғаушының келтірген наразылығы ол негіздерге жатпайды. Сол себепті қорғаушы Әбеновтің өтініш хаты қанағаттандырусыз қалдырылды, - деді шағымды қараған судья Асқарбек Беймбетов.

Осы шешімнен кейін қылмыстық іс бойынша сот отырысы тікелей эфирде қайта жалғасты.

Фото: Жоғарғы сот