Шығыс Қазақстан облысының әкімі жас офицерлермен кездесті

Өңір басшысы ел шекарасында қауіпсіздік сақтаудың маңыздылығын атап өтіп, жас лейтенанттарға қызметте сәттілік тіледі

Malim Админ

  • 14.08.2024

Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің құрылғанына 32 жыл толуы қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев пен  Қазақстан Республикасының ҰҚК шекара қызметінің Академиясын жас офицерлермен, сондай-ақ Ресей Федерациясының жоғары әскери оқу орындары және запастағы офицерлермен кездесу өтті. Кездесу барысында өңір басшысы ел шекарасында қауіпсіздік сақтаудың маңыздылығын атап өтіп, жас лейтенанттарға қызметте сәттілік тіледі.     

 - Сіздер Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік қызметі Шекара Академиясын және Ресей Федерациясының жоғары әскери оқу орындарын абыроймен аяқтап, елге қызмет ету үшін Шығыс Қазақстан облысына арнайы келіп отырсыздар. Сіздердің жұмыстарыңыздың мән-маңызы айрықша. Шынайы патриотизм атақ үшін емес, Отан үшін елге адал қызмет етуден көрінеді. Халқымыз өздеріңізге үміт артады. Қауіпсіздігімізді қорғайды деп сенеді. Сол сенімді толығымен ақтау қажет! - деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы шекаралық аудандардың халқы да ел шебін қорғау ісіне өлшеусіз үлес қосып жүргендерін айтып, елдің әл-ауқатын арттыру бағытында үлкен жұмыстардың қолға алынып жатқанын атап өтті.    

– Әскери қызмет қашанда ерлер кәсібі саналады. Бірақ кез келген кәсіпте ерлермен тең дәрежеде қызметін абыроймен атқаратын қыздар бар. Әскери қызметтің имиджін көтеру бойынша жұмысты белсенді түрде насихаттау қажет», - деді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің офицері Айжан Жағыпарова.   

 Естеріңізге сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысы – еліміздің шекаралық белдеуі 1,5 мың шақырымнан асатын стратегиялық маңызды өңірлердің бірі. Осылайша, облыс жолаушылар мен тауар алмасуды қарқынды жүргізіп, Ресей Федерациясымен және Қытай Халық Республикасымен іскерлік, гуманитарлық және мәдени ынтымақтастықты жүзеге асыруда.

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Байланысты жаналықтар

Биыл мыңдаған қазақстандық әскери жиынға шақырылады

02.04.2025

Шекара туралы құжат: Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан президенттері кездесті

31.03.2025

Қазақстан мен Өзбекстан халықтарын жақындастыру жолындағы маңызды қадам - Руслан Желдібай

30.03.2025

Ресей Украинаға қаза тапқан 909 сарбаздың денесін қайтарды

28.03.2025

Ертең Тоқаев Мирзиёевпен Алматыда кездеседі

28.03.2025

Литвада төрт америкалық сарбаз көз жұмды

26.03.2025
MalimBlocks
Биыл мыңдаған қазақстандық әскери жиынға шақырылады

Шекара туралы құжат: Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан президенттері кездесті

Тәжікстанның Хожант қаласында Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан президенттері Садыр Жапаров, Шавкат Мирзияев және Эмомали Рахмон кездесті

Қазақстан мен Өзбекстан халықтарын жақындастыру жолындағы маңызды қадам - Руслан Желдібай

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Қазақстан мен Өзбекстан кездесуі туралы айтты

Ресей Украинаға қаза тапқан 909 сарбаздың денесін қайтарды

Ертең Тоқаев Мирзиёевпен Алматыда кездеседі

29 наурызда Алматыда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің бейресми кездесуі өтеді

Литвада төрт америкалық сарбаз көз жұмды