Талғар ісі: Ринат Зайытов бұл оқиғадан бейхабар болып шықты

Депутаттың пікірінше, бұл істің арты шуға ұласуына блогерлер мен журналистердің әсері бар

Malim Админ

  • 11.12.2024

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Талғарда болған оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Malim.kz.

Депутаттың пікірінше, бұл істің арты шуға ұласуына блогерлер мен журналистердің әсері бар. 

"Блогері бар, басқасы бар, сіздер бүкіл Қазақстан бойынша тұрмыстық қылмыстар жөнінде ақпарат беріп жатқан жоқсыздар ғой. Үржарда болып жатыр. Мақаншыда болып жатыр. Мүлдем айтып жатқан жоқсыздар. Соның кесірі ме деп ойлаймын. Журналистер мен блогерлерді кінәлаған жоқпын. Оның әсері бар деп айттым", - деді ол.

Зайытовтың сөзіне сенсек, бұл оқиғадан хабары жоқ.

"Өтірік айтпайын, бұл оқиғадан хабарым жоқ. Мен қайдан білемін?! Бейхабармын. Әлеуметтік желіде киноның айналасында да шу болады. Біріншіден, бәрін қарап отыруға міндетті емес шығармын. Екіншіден, егер барлық осы оқиғаның айналасында жүрген журналистер, блогерлер шынымен қазақ қоғамындағы әділетсіздікті, қазақ қоғамындағы кемшіліктерді түзетуге ұмтылған тұлғалар болса, барлығына әділетті қарасын. Ондай оқиға жоқ десе, маған келіңіздер, қай жерде қандай оқиға болып жатқанын қолдарыңызға беремін. Мысалы, Семейде бір кісінің ұлын вахтада болған кезінде өлтіріп кетеді. Соған іс қозғамағанына бір жылдана асты. Бір-ақ кейс қана", - деді ол.

Депутат ауылдарда, аудандарда оқушыларды соққыға жығу бойынша дерек көп екенін жеткізді. 

Фото: Мәжіліс 

Байланысты жаналықтар

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

16.04.2025

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

16.04.2025

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

16.04.2025

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

16.04.2025

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

16.04.2025
MalimBlocks
Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

Депутат Дәулет Мұқаев бұған дейін тұсау кесемін деп хабарландыру жариялағаны үшін сынға қалған. Ол хабарландыруды не үшін таратқанын Мәжіліс кулуарында бұл жолы журналистерге түсіндіріп беруге тырысты

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

2025 жылы еліміз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтеді.