Танымал кәсіпкер Алмасбек Садырбай қамауға алынды

Оған 1,2 млрд теңгеден астам қаражат ұрлады деген айып тағылды

Сабина Асқарқызы

  • 06.11.2024

ҚМА Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген субсидияларды алу кезінде деректерді бұрмалау фактілерінің жолын кесу бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды Malim.kz.

Мәселен, Агенттіктің Алматы облысы бойынша департаменті облыстық прокуратурамен бірлесіп, "Шаңырақ" қоғамдық бірлестігінің басшысы Алмасбек Садырбай аса ірі мөлшерде алаяқтық әрекетін әшкереледі.
"Ол өзі басқаратын адамдар тобы Балқаш, Еңбекшіқазақ, Кеген, Райымбек және Ұйғыр аудандарында жалған ауыл шаруашылығы кооперативтерін құрды деп күдіктелуде. Негізгі мақсат-ұсақ малдың аналық басын ұрықтандыруға субсидияларды заңсыз алу және жемшөп шығындарын өтеу. Бұл үшін заңнамаға қайшы ауылшаруашылық жерлері жоқ шаруа қожалықтары тартылды.
Бұдан әрі жалған кадастрлық нөмірлерді көрсете отырып, дәйексіз мәліметтерді қамтитын субсидиялар алуға өтінімдер қашықтан берілді.
Бұл ретте ауыл шаруашылығы кооперативтері басшыларын хабардар етпей, олардың ЭЦҚ-сы пайдаланылды. Осылайша 1,2 млрд теңгеден астам қаражат ұрланған", - делінген ақпаратта.

Алмасбек Садырбай ұсталды. Оның сыбайласы тергеу сотының санкциясымен үй қамауында.
ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.

Байланысты жаналықтар

Сотталған Абылай Мырзахметов мерзімінен бұрын босатуды сұрады

15.05.2025

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

10.05.2025

Құрылыс компаниясы 100-ден астам адамның 972 млн теңгесін алып кеткен

29.04.2025

Экс-судья Светлана Жолманова сотқа келмей қойды

18.04.2025

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

14.04.2025

Тағы бір қайырымдылық қорының басшысы ұсталды

10.04.2025
MalimBlocks
Сотталған Абылай Мырзахметов мерзімінен бұрын босатуды сұрады

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

Клиентке биометриялық сəйкестендіру жəне ЭЦҚ құралдары бір мезгілде қолданылған кезде ғана шарт жасасуға рұқсат етіледі

Құрылыс компаниясы 100-ден астам адамның 972 млн теңгесін алып кеткен

Тергеу аяқталды

Экс-судья Светлана Жолманова сотқа келмей қойды

Алаяқтық бойынша айыпталған судьяның Бауыржан Байбектің әйелі екені айтылады

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

Байшуақов ірі мөлшерде қаржы жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды

Тағы бір қайырымдылық қорының басшысы ұсталды