Тоқаев табиғи ресурстарды сақтауға арналған заңға қол қойды

Заң табиғи ресурстарды сақтауға және оларды ұтымды пайдалануға, сондай-ақ дұрыс тамақтану дағдысын қалыптастырып, органикалық өнім нарығын дамытуға бағытталған

Арман Қайыпхан

  • 10.06.2024

Мемлекет басшысы «Органикалық өнім өндірісі және айналымы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Malim.kz.

Заң табиғи ресурстарды сақтауға және оларды ұтымды пайдалануға, сондай-ақ дұрыс тамақтану дағдысын қалыптастырып, органикалық өнім нарығын дамытуға бағытталған.

Заңға бірқатар жаңа ереже енгізілген.

Біріншіден, Заңда органикалық өнім өндірісі мен айналымы саласындағы ұлттық заңнаманың мақсаттары мен міндеттері қайта қаралған.

Екіншіден, органикалық өнім өндірушілердің аясы кеңейтілген. Яғни, олардың қатарына жеке және заңды тұлғалардан бөлек, органикалық өнім өндірумен айналысатын бірлестіктерді (жай серіктестіктерді) жатқызуға болады.

Үшіншіден, Заңда органикалық өнім өндіруге көшу шарттары қарастырылған және оның өндірісіне, таңбалануына және айналымына қатысты талаптар бекітілген.

Төртіншіден, органикалық өнім өндірісі саласындағы халықаралық тәжірибелер мен стандарттарға сәйкестендіру мақсатында өндірілген өнімнің сапасы үшін ерікті қатысу, ішкі бақылау, сондай-ақ ұжымдық жауапкершілік қағидаттарына негізделген бірлескен кепілдіктер жүйесін (PGS) құру және оның жұмысы жөніндегі ережелер қамтылған.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

17.05.2025

Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

17.05.2025

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

17.05.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

17.05.2025

Министр қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін соттауды қолдады

16.05.2025

"Ресей климат қаруын іске қосты". "Жаңбыр адам" елдегі қуаңшылықтың себебін түсіндірді

16.05.2025
MalimBlocks
Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

Жасанды интеллект пен Big Data-ны пайдалану арқылы егістік алқаптары мен мал шаруашылығын тиімді басқаруға мүмкіндік туды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

Министр қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін соттауды қолдады

"Ресей климат қаруын іске қосты". "Жаңбыр адам" елдегі қуаңшылықтың себебін түсіндірді