«Тозақта өмір сүрдім». Күйеуінен зәбір көрген ақтаулық әйел бейнежазба жариялады

Ол өзін қорғауды сұрап Президентке хат жазған

Malim Админ

  • 12.05.2024

Ақтаулық көпбалалы әйел Арайлым күйеуінің қоқан-лоққысынан қорқып, Ақтаудан қашуға мәжбүр болған. Полицияның қорғау туралы нұсқамалығы да күйеуінің әрекетіне еш кедергі болмай тұрғанын айтады. Бұл жайында өзі Aktau Lada ютуб-арнасында жарияланған бейнежазбада айтып берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның айтуынша, соңғы кездесуінде күйеуі оны көлікпен қуып, жолды жауып, көліктен түсуді талап еткен, терезесін сындырған. Келген полицейлерден де көп қайыр болмағанын айтады. Сақтық үшін жедел-жәрдем де шақырылған. Арайлымның өзі сол сәтте денесі дірілдеп, әрең сөйлеп, келген жедел-жәрдем көлігіне көтеріп апарған.

Мен тозақта өмір сүрдім. Мен оны 23 жасымда тастап кеткім келді, бірақ менің үш кішкентай балам болды. Ол оны ата-аналық құқығынан айырамын деп қорқытты, аңғал және жас едім. Қорықтым. Сөйтіп қайтып келдім. Ақыры ұрып-соғып, ауруханаға түстім. Палатада жатып, барлығын ұрып-соққаны есімде, мен одан ешқандай жағдайда полицияға хабарласпау керек және оны масқара етпеу керектігі туралы хабарламалар алдым, дейді ол.

Ақпан айында шыдамы таусылған ол бірнеше рет ұрып-соққан соң ажырасуға арыз жазып, балаларымен жалдамалы пәтерге көшуді ұйғарады. Бірақ қудалау бәрібір тоқтамаған.

Арайлым осы жағдайға байланысты құзырлы органдарға, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу қорларына, тіпті ел Президентіне де хат жолдаған.

Фото: видеодан скрин

Байланысты жаналықтар

Ақтау көшелерінде аш жүрген жыртқыш байқалды 

06.05.2025

Ақтауда су арнасынан өлі шаяндар табылды

04.05.2025

Ақтауда киімін далаға ілген әйел айыппұл арқалады

29.04.2025

Ақтауда тұрғындар жақында салынған спорт алаңының сапасына шағымданды

25.04.2025

Ақтаудағы Caspi Bitum зауытында битумның бірінші партиясы алынды

25.04.2025

Қазақстандық әйел Сирияға кетіп, қыздарын лаңкестерге тұрмысқа бермек болған

24.04.2025
MalimBlocks
Ақтау көшелерінде аш жүрген жыртқыш байқалды 

Ақтауда су арнасынан өлі шаяндар табылды

Ақтауда киімін далаға ілген әйел айыппұл арқалады

Ақтауда тұрғындар жақында салынған спорт алаңының сапасына шағымданды

Ақтаудағы Caspi Bitum зауытында битумның бірінші партиясы алынды

Қазақстандық әйел Сирияға кетіп, қыздарын лаңкестерге тұрмысқа бермек болған

Астанада әйел экстремистік материалдарды таратқаны және террористік топқа қосылуға әрекеттенгені үшін сотталды