Траллаллеро Траллалла: министрлік маңызды мәлімдеме жасады

Сұлу Бөлек

  • 19.05.2025

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті желіде тараған видеоға қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі el.kz-ке сілтеме жасап. 

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті желіде тараған мазмұнында жасырын деструктив ақпараты бар мультфильмдердің таралуына алаңдаушылық білдіреді. Мұндай видеолар арқылы балаларға адамгершілік құндылықтарға кері әсер етіп қана қоймай, агрессив мінез-құлықтың қалыптасуына да ықпал етуі мүмкін бұрмаланған ақпараттар ұсынылып жатыр. 

"Қазір ақпараттық кеңістікте айтарлықтай өзгерістер болып жатыр: жаңа платформалар пайда болып, ақпарат тарату форматы да өзгеріп келеді. Бұл жағдай, әсіресе балалардың психоэмоционал саулығы үшін қосымша тәуекелдер тудырады. Осыған байланысты Балалардың құқықтарын қорғау комитеті қазіргі цифрлық жағдайларды ескере отырып, заңнамалық базаны жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындап жатыр", - делінген ақпаратта.

Бұл ұсыныстар тиісті шаралар қабылдау мақсатында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ішкі істер министрлігіне жолданды.

"Құрметті ата-аналар! Балаларыңыздың әлеуметтік желілерде қандай контент көріп жүргеніне, кімдермен қарым-қатынаста екеніне және интернетте қандай тақырыптарды талқылайтынына ерекше назар аударыңыз. Баламен үнемі ашық сөйлесіп, оның сыни ойлау қабілетін дамытыңыз және зиянды ақпаратқа қарсы тұра алатындай дағдыларды қалыптастырыңыз. Егер күмәнді немесе күдікті контентті байқасаңыз — бұл туралы бірден құзырлы органдарға хабарлаңыз. Саналы ата-ана ретінде балаңыздың өміріне белсенді араласуыңыз — оның цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздігінің басты кепілі", - делінген Балалардың құқықтарын қорғау комитеті таратқан ақпаратта. 

Айта кетейік, желіде Trallallero Trallalla қазақшаға аударғанда дінге қайшы нәрсе екені айтылып жүр. 

Фото: fortnite.com

Байланысты жаналықтар

Денсаумин Қазақстандағы Covid-19 жағдайына байланысты мәлімдеме жасады

18.05.2025

Елімізде бала туу көрсеткіші күрт төмендеген

14.05.2025

Қазақстанның қай өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін?

13.05.2025

Алакөлден Бурабайға дейін: мемлекет балалардың жолақысын өтеп беретінін білесіз бе

09.05.2025

Йемендік хуситтер бірнеше аймағына АҚШ-тың соққы жасағанын хабарлады

06.05.2025

Балаларының көзінше пышақтаған: әйелін өлтірді деген экс-полицейдің ісіне қатысты жаңа дерек айтылды

06.05.2025
MalimBlocks
Денсаумин Қазақстандағы Covid-19 жағдайына байланысты мәлімдеме жасады

Елімізде бала туу көрсеткіші күрт төмендеген

Қазақстанның қай өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін?

Алакөлден Бурабайға дейін: мемлекет балалардың жолақысын өтеп беретінін білесіз бе

Йемендік хуситтер бірнеше аймағына АҚШ-тың соққы жасағанын хабарлады

Әуе соққысынан 16 адам зардап шекті

Балаларының көзінше пышақтаған: әйелін өлтірді деген экс-полицейдің ісіне қатысты жаңа дерек айтылды

Алматыда полицей балаларының көзінше әйелін пышақтап өлтірді