Туған анасын іздеген Еуропада өскен қазақ жігіті жан сырын ақтарды

Ол Арқалықтағы балалар үйінен 2 жасында кеткен

Сабина Асқарқызы

  • 31.12.2024

Еуропада өсіп, Қазақстандағы туған анасын іздеген Мұрат Савельев жантебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол 2023 жылдан бері туған анасын іздеп келеді. Арқалықтағы балалар үйінен 2 жасында кеткен Мұратты бельгиялық әйел асырап алған болатын. Жақында ол әйелдің де өмірден өткені белгілі. Ешқандай кедергіге қарамастан Еуропада өскен қазақ жігіті туған анасын іздеп келеді.

"Биыл қуантқан, мұңайтқан сәттер де болды, бірақ, мені мазалайтын жалғыз сұрақ: «Анашым, қайдасың?». Кейде менен неге анамды немесе отбасымды тапқым келетінін сұрайтындар бар, бұл сұрақтың жауабы түсінікті деп ойлаймын. Адамға өмірді бірге сүретін анасы, әкесі, аға-інісі, қарындас-әпкесі болуы керек қой. Бөлек қалып, жылап жүрмей, бірге жүріп, мықты болған дұрыс деп ойлаймын. Мысалы, ата-анаммен, аға-қарындаспен бірге Жаңа жыл мерекесін тойласам, керемет емес пе? Менің жаңа жылдық сыйлығым – өздеріңіз, бұл сөзсіз! Маған әке-шешемдей жақсылық тілеп отыратын қазақ елі бар деген ойдың өзі жүрегіме жылу сыйлайды", - деп жазды Мұрат Савельев.

Байланысты жаналықтар

Қостанай облысында екі жасөспірім балалар үйінен қашып кетті

08.04.2025

«Денсаулығы нашарлап, қиналып жатыр». Бельгиялық әйел асырап алған Жәнібек соңғы жаңалығын бөлісті

24.05.2024

Қымбат Досжан Жәнібек Жұмағұловты саудалаған әйел анықталғанын айтты

25.04.2024

«12 мың доллар төлеп, сатып алдым»: Бельгиялық Жәнібектің өгей анасы оқиғасын айтты

15.04.2024

«Жауаптыларға тықыр таянды»: бельгиялық отбасы асырап алған Жәнібекке қатысты ақпарат шықты

07.04.2024

Тағдыры ауыр балалар көп – бәрін бауырыма басқым келеді

12.03.2021
MalimBlocks
Қостанай облысында екі жасөспірім балалар үйінен қашып кетті

Қостанай облысы Рудныйдағы "Арнаулы білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау орталығының" екі тәрбиеленушісі, 15 және 17 жастағы жасөспірімдер, 7 сәуірде мекемеден қашып кеткен

«Денсаулығы нашарлап, қиналып жатыр». Бельгиялық әйел асырап алған Жәнібек соңғы жаңалығын бөлісті

Ол басына түскен қиын жағдай туралы айтып берді.

Қымбат Досжан Жәнібек Жұмағұловты саудалаған әйел анықталғанын айтты

Тіл білетіндіктен, аудармашы болып істеген.

«12 мың доллар төлеп, сатып алдым»: Бельгиялық Жәнібектің өгей анасы оқиғасын айтты

Ол Жәнібекті агенттіктер арқылы емес, делдалдың көмегімен асырап алғанын жеткізді.

«Жауаптыларға тықыр таянды»: бельгиялық отбасы асырап алған Жәнібекке қатысты ақпарат шықты

Жәнібектің анасы болуы мүмкін деген болжаммен қан тапсырған 4 әйелдің анализінің қорытындысы шықты.

Тағдыры ауыр балалар көп – бәрін бауырыма басқым келеді