Үйі жоқ барлық азамат кезекке тұра алады

Үй беру азаматтың табысы мен мәртебесіне сәйкес жүргізіледі

Malim Админ

  • 11.11.2024

«Отбасы банк» базасында тұрғын үймен қамтамасыз етудің бірыңғай орталығы құрылады. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жауап берді.  


«Биыл 30 қазанда Парламент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады.  Заң жобасы аясында «Отбасы банк» АҚ базасында тұрғын үймен қамтамасыз етудің бірыңғай орталығын құру қарастырылады. Бұл тұрғын үйге кезекті ашық қалыптастыруға және оны мұқтаждарға іске асыру үшін «бір терезе» әділ қағидатын қолдануға мүмкіндік береді. Енді тұрғын үйге мұқтаждардың кезегіне тұру құқығына соңғы 5 жыл ішінде қандай да бір санатқа жататынына қарамастан, тұрғын үйі жоқ барлық азамат ие болады. Бұл ретте, тұрғын үй беру тетігін таңдау азаматтың табысы мен мәртебесіне сәйкес жүзеге асырылады», - деді бірінші вице-премьер.

Оның айтуынша, бұдан басқа, заң жобасы аясында интернет-ресурста өзектендірілген тізімдерді жариялай отырып, кезекте тұрғандардың тізімін тұрақты түгендеу көзделген. Бұл кезектің әділ және ашық қалыптасуын қамтамасыз етеді.

«Жалпы тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды қолдау құралдары ретінде коммуналдық жалға берілетін тұрғын үй, кредиттік тұрғын үй салу, жеңілдікті ипотекалық несиелер (Отбасы банкінің бағдарламалары, 7-20-25), тұрғын үй үшін бастапқы жарнаны жабуға сертификаттар, коммуналдық қызметтерді өтеуге тұрғын үй төлемдер және басқа тетіктер көзделген», - деді Роман Скляр.

Фото: Gov.kz 

Байланысты жаналықтар

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

16.04.2025

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

14.04.2025

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

14.04.2025

Үкіметі құрылыс салушылар үшін салық жеңілдіктерін алып тастауды ұсынды

09.04.2025

Дженнифер Лопестің Астанаға келуінен елге қандай пайда түсетіні белгілі болды

08.04.2025
MalimBlocks
Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

Энергетика министрлігі электр энергиясы үшін шекті тарифтерді қайта қарады

Үкіметі құрылыс салушылар үшін салық жеңілдіктерін алып тастауды ұсынды

Үкімет мәліметінше, олар көбіне салық төлеуден жалтару үшін пайдаланылды

Дженнифер Лопестің Астанаға келуінен елге қандай пайда түсетіні белгілі болды