Үкімет 85 млрд теңгенің активтерін елге қайтаруды көздеп отыр

Олжас Бектенов Активтерді қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды Malim.kz.

Malim Админ

  • 29.03.2024

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Активтерді қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы болды. 

Комиссия отырысы жаңартылған құрамда өтті. Комиссия құрамына «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ президенті Бану Нұрғазиева мен Парламент Мәжілісінің депутаты Марат Бәшімов кірді.

Отырыс қорытындысына сәйкес Комиссия келесідей шешімдер қабылдады. 

Жалпы көлемі 85 млрд теңгеден асатын заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы бірқатар келісім мақұлданды. 

Мемлекетке қайтару жоспарланып отырған активтердің қатарында Қазақстандағы және шетелдегі тұрғын үйлер, әкімшілік ғимараттар, ақшалай қаражат, компаниялардағы үлестер, қымбат зергерлік бұйымдар, 10 мың гектардан астам жер бар.

Сонымен қатар бұрын мемлекеттен «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң (бұдан әрі - Заң) субъектілерінің бірінің бақылауына заңсыз өткен құны 10 млрд теңгеден астам сомаға бағаланатын пайда болуы түсініксіз кәсіпорынды актив ретінде мемлекет кірісіне айналдыру туралы сотқа талап-арыз енгізу мақұлданды.

Комиссия шешімімен Заң субъектілерінің тізілімі екі жаңа тұлғамен толықтырылды, оларға қатысты Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитеті тиісті іс-шаралар қабылдайды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша заңсыз иемденілген активтерді қайтару жөніндегі жұмыстар күшейтіледі. Бұл ретте бизнеске қысым жасауға жол берілмейді. Мемлекетке қайтарылған барлық активтер әлеуметтік пайдалы мақсаттарға бағытталатын болады, - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Комиссияның жұмысы жалғасып жатыр.

Фото: Рrimeminister.kz

Байланысты жаналықтар

Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

16.04.2025

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

16.04.2025

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

16.04.2025

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

16.04.2025

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

16.04.2025
MalimBlocks
Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

Депутат Дәулет Мұқаев бұған дейін тұсау кесемін деп хабарландыру жариялағаны үшін сынға қалған. Ол хабарландыруды не үшін таратқанын Мәжіліс кулуарында бұл жолы журналистерге түсіндіріп беруге тырысты