457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ұлттық қауіпсіздік комитеті лаңкестікпен жүйелі күрес жүргізуде

Еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитеті лаңкестік әрекетке ұмтылғандарды құрықтау операцияларын жүйелі түрде жүргізуде.  Осы айдың өзінде 7 қазақстандық терроризм бойынша  ұсталып, түрмеге қамалды. 

Белгілі болғандай олардың біреуі  шетелдегі лаңкестік  ұйымның қызметіне араласқаны мәлім болды. Түркістан қалалық соты  жергілікті азаматты сегіз жылға соттады. Теріс пиғылдағы адам бірлесіп жүргізілген операция аясында шетелден Қазақстанға жеткізіліп отыр.

Ол Алматы облысы төңірегінде түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Теріс идеологияның жақтаушысы кісі өлтіруге оқталған.  Бұл аздай терроризмді  дәріптегені  үшін тағы тоғыз  жылға абақтыға айдалды.

Алматы, Жамбыл, БҚО, Алматы және Астана қалаларының соттары күш біріктіруде. Нәтиже айтарлықтай.  Лаңкестікке қоғамды шақырып, шекаранвың ар жағындағы  қақтығыстарға баруға ұмтылуы себепті  еліміздің 5 азаматы істі болды. Енді қылмыскерлер  4 жылдан сегіз жылға дейін қатаң жазаланады.

Сонымен қатар, қазір интернетті пайдаланып діни алауыздық тудыратындар да бар. Жақында 39 жастағы қызылордалық әлеуметтік желіде видеолар мен суреттер таратқаны анықталды. Ол қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша 7 жылға сотталды.

ҰҚК терроризм мен діни экстремизмнің жолын тосатын жұмыстарды жалғастырады.  

Фото: ҰҚК