Ұлытау облысындағы жолдардың жағдайы назарға алынды

Жол учаскесін мердігерлік ұйым жөндейтін болады.

Malim Админ

  • 21.08.2024

Президенттің жол саласындағы жемқорлық көріністерін жою туралы тапсырмасын орындау мақсатында Ұлытау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қоғам мен жергілікті атқарушы органдар, «ҚазАвтоЖол» ҰК және «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК өкілдерінен құралған мониторингтік топпен бірлесіп 9 учаскедегі автожолдарды салу және реконструкциялау сапасын бақылауға алған. 

Биыл маусым айында «Сәтбаев-Малшыбай-Жошыхан, Домбауыл кесенесі», «Қаражал-Атасу» және А-16 «Жезқазған - Петропавл» (143-163 км) жол учаскелерінде мониторингтік топ жарықтар, шөгінділер, шұңқырлар, қабыршақтану және т. б. сияқты түрлі ақауларды анықтады.  

Жол жамылғысының сапасын жақсарту бойынша қабылданған шаралар шеңберінде аталған кемшіліктер жойылды. 

Сонымен қатар, 2024 жылдың шілде айында «Жезқазған-Петропавл» А-16 автожолы учаскесін қорытынды бақылау барысында 151 және 155 километрде асфальтбетон жабынының жоғарғы қабатының тегіс еместігі анықталды. 

Анықталған кемшіліктер жол қауіпсіздігінің нашарлауына, көліктердің бұзылуына  және жол инфрақұрылымының жалпы жағдайына кері әсер етуі мүмкін. 

Жол учаскесін мердігерлік ұйымы жөндейтін болады.  

Анықталған жағдайларды оңтайландыру жұмыстары жалғасуда және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ерекше бақылауында. 

Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, @antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы шұғыл хабарлаңыз.

Фото: e-history.kz

Байланысты жаналықтар

Астанада екі көшеде жол қозғалысын шектемек

20.04.2025

Отбасындағы жанжалдан кейін әйелінің жұмыс орнын қиратқан азамат сотталды

20.04.2025

ТЖМ ата-аналарға үндеу жасады

20.04.2025

Ереванда Абай Құнанбайұлы атындағы саябақ ашылды

19.04.2025

Балаларды зорлық зомбылықтан қорғайтын сим-карта іске қосылады

19.04.2025

Елімізде тағы бір тасжол ақылы болады

18.04.2025
MalimBlocks
Астанада екі көшеде жол қозғалысын шектемек

Отбасындағы жанжалдан кейін әйелінің жұмыс орнын қиратқан азамат сотталды

ТЖМ ата-аналарға үндеу жасады

Күн жылынғалы бері Қазақстанның түрлі өңірлерінен балалардың терезеден құлап кеткені туралы жаңалықтар жиілей түсті

Ереванда Абай Құнанбайұлы атындағы саябақ ашылды

Арменияда өтіп жатқан Қазақстанның мәдени күндері аясында Ереван қаласында Абай Құнанбайұлы атындағы саябақтың салтанатты ашылуы өтті

Балаларды зорлық зомбылықтан қорғайтын сим-карта іске қосылады

Осы сим-картаның көмегімен ата-аналар баласының қандай қосымшаларды пайдаланып жүргенін бақылай алады

Елімізде тағы бір тасжол ақылы болады