«Халықты тонауды қоймапты»: Айнұр Тұрсынбаева желілік маргетинг компаниясын ашты

Таныстыру рәсімін Алматыда өткізген.

Сабина Асқарқызы

  • 05.02.2025

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева отандық желілік маркетинг компаниясын ашты, деп хабарлайды Malim.kz.

Ақынның досы, айтыскер ақын Балғынбек Имашев Тұрсынбаеваның бауырларымен бірігіп ашқан компаниясы талай адамның табыс көзіне айналатынын алға тартқан. 

«Тұңғыш jтандық желілік «SAAD» компаниясының құрылтайшылары – бір туған бауырлар Дархан, Ардақ, Айнұр! Бүгін үлкен оқиға: Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында жаңа компанияның тұсаукесері өтуде. Ата-анасын шығарып батасын алуы, Алатау Серілерінің рухты әнімен кештің басталуы сондай орынды әрі тағылымды болды. Тамара Асардың әндері осы кештің шырайы, сәні мен салтанаты болды. SAAD компаниясы – мыңдаған адамға табыс көзі, жүзмыңдаған адамдарға сапалы өнім, миллиондарға денсаулық пен сұлулық сыйлайтын мүмкіндік деп сенеміз. Экономикамызға пайдалы, яғни миллиардтаған доллар шетке кетпейді, керісінше, сырттан үлкен қаржылардың құюлуына себеп болмақ.

Қазақтың екі мықты қызы — Ардақ пен Айнұр бірігіп Дархан бауырын қолдаса, бұл үштіктің алмайтын асуы, қопармайтын тауы қалмайды деп сенем. Алла жар болсын, Айнұр досым! Мен сенің әр бастамаңа тілекші әрі қолдаушымын! деп жазды ол. 

Айнұр Тұрсынбаевның өзі оқырмандарын желілік маркетинг компаниясына тіркелуге шақырып жатыр. 

Позор болып басқа елдің сетевойында жүрмейік… Тұңғыш қазақтың классикалық маркетингпен құрылған компаниясына тіркелу басталды, – дейді ол. 

Дегенмен желі қолданушылары бұл компанияның болашағына күдікпен қарауда. 

«Сетевой маркетинг қой, бірін-бірі сүйреу, кредитке тығу басталды», «Кезінде НЛ-мен біраз адамның ақшасын жеп еді, әлі тоймапты», «Алаяқтық қой, сенбеңдер», «Арты мәссәған, мен алдамдым болып кетпесін», «Аңқау елге арамза молда», «Кейін былық болып шығып, Балғынбек, Айнұрды танымаймын деп тұрма», «Халықты тонауды қоймапты», «Зауыт ашты ма десем, тағы бір пирамида ашыпты ғой», «Айнұр тағы да халықты қораға кіргізуді бастады», деп жазды олар. 

Ал компанияның жарнамалық мәтіндерінде желілік маркетинг арқылы миллиондар тауып, оңай баспаналы болатын жүйе бар екені айтылған. 

 

Байланысты жаналықтар

Балғынбек Имашевтың ұлы алаяқтық ісі бойынша тергеліп жатыр: айтыскердің өзі не дейді

10.04.2025

«8 наурыз, туған күнді ұмыттық». Айнұр Тұрсынбаеваға күйеуі бағалы сыйлық әперді

02.04.2025

«Жоғал, құрып кет, иттің баласы»: Айнұр Тұрсынбаева баланы қалай тәрбиелеу керегін түсіндірді

31.03.2025

Айнұр Тұрсынбаева ажырасқан соң тойға да шақырмай қойғанын айтты

26.03.2025

«Қаралмаған жерім жоқ»: Айнұр Тұрсынбаева сәбилі болуды армандайтынын айтты

13.03.2025

Айнұр Тұрсынбаева мен Балғынбек Имаштың әзілі жұртты күлкіге қарық қылды

28.02.2025
MalimBlocks
Балғынбек Имашевтың ұлы алаяқтық ісі бойынша тергеліп жатыр: айтыскердің өзі не дейді

Оның үстінен елуден астам адам шағым түсірген.

«8 наурыз, туған күнді ұмыттық». Айнұр Тұрсынбаеваға күйеуі бағалы сыйлық әперді

Ол мұндай сыйлықты ораза кезінде алған.

«Жоғал, құрып кет, иттің баласы»: Айнұр Тұрсынбаева баланы қалай тәрбиелеу керегін түсіндірді

Айтыскер баланы қорқытудан аулақ болу керегін атап өтті

Айнұр Тұрсынбаева ажырасқан соң тойға да шақырмай қойғанын айтты

Өнер иесі осыдан тоғыз жыл бұрынғы күйін еске алды.

«Қаралмаған жерім жоқ»: Айнұр Тұрсынбаева сәбилі болуды армандайтынын айтты

Айтыскер өзіне де бұл сұрақ жиі қойылатынын алға тартты.

Айнұр Тұрсынбаева мен Балғынбек Имаштың әзілі жұртты күлкіге қарық қылды

Айтыскер ақын видеоны желіде жариялады.