Хасан Қасымбаевқа қатысты бір ғана қылмыстық іс қаралып жатыр
Ол 2024 жылғы қарашада қамауға алынған.
«Хуторский Хасан» лақапатымен белгілі Алматы облысы Талғар ауданының тұрғыны Хасан Қасымбаевқа қатысты бір қылмыстық істі қарау тоқтатылған. Оған қатысты адам денсаулығына ауыр зиян келтірді деген іс қаралып жатқан жоқ. Бұл туралы КursivMedia-ға сілтеме жасай отырып Malim.kz хабарлайды.
Сотқа дейінгі тергеу аясында сот Қасымбаевты қамауға алуды ұзарту туралы шешім қабылдады. Оған қатысты іс Адам ұрлау фактісі бойынша тергелуде. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, – делінген Полиция департаментінің жауабында.
Еске сала кетейік, 2024 жылдың қараша айында Қасымбаев екі айға қамауға алынып, қазір қамау мерзімі ұзартылған. Қамауға алынған тұста полция оған қатысты екі іс қозғағаны туралы айтқан. Олардың бірі әлі қаралып жатқан адам ұрлау фактісі болса, екіншісі адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру болған. Осы екінші айыпқа қатысты полиция жауабында жазылмаған.
Айта кетейік, полиция аталмыш факті бойынша бес адамның жазасын өтеп жатқанын хабарлаған еді.
Хасан Қасымбаевтың «Хуторские» қылмыстық тобына қатысы туралы ақпарат Талғар ауданында 16 жасар Шерзат Полат кісі қолынан қаза тапқаннан кейін тараған еді. Бұл ақпараттан кейін Қасымбаев өзінің қылмыстық топқа қатысын жоққа шығарған.
Фото: youtube.com/@onewskz1778