457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жан Ахмадиев сарапшы Байділдиновті жекпе-жекке шақырды

«Қазақтың тілін, рухын таптаған әр сөзің үшін жауап бересің», – деді Ахмадиев.

Блогер әрі қоғам белсендісі Жан Ахмадиев Энергетика министрінің бұрынғы кеңесшісі, сарапшы Олжас Байділдиновке ашық түрде үндеу жолдады, деп хабарлайды Malim.kz 1bol.kz пен Skifnews.kz сайттарына  сілтеме жасап.


Ол Байділдиновтің соңғы пікірлерін сынға алып, оны жекпе-жекке шақырды.

Е, Олжас Байділдинов. Сен шектен шықтың. Газды қымбаттатып, халыққа қарсы шықтың. Қазақ тіліне тиісіп, елдің намысын таптадың. Енді келіп Димашқа тиісіп отырсың ба? Димаш – қазақтың мақтанышы, ол – біздің рухымыз, біздің символымыз, – деді блогер.

Ахмадиевтің айтуынша, Байділдиновтің соңғы әрекеттері мен мәлімдемелері қоғамда шу тудырған.

«Сондықтан, Олжас, егер өзіңді шалбар киген жігітпін десең, жұрттың алдында бос сөзбен емес, менімен жекпе-жекке шық. Сені ресми түрде жекпе-жекке шақырып отырмын. Бірақ бұл – екеуміздің ғана айқасымыз емес, бұл – ел намысының айқасы. Қазақтың тілін, мақтанышын, рухын таптаған әр сөзің үшін жауап бересің», – деп мәлімдеді Ахмадиев.

Айта кетейік, Олжас Байділдинов соңғы уақытта айтқан пікірлерімен жиі сынға қалып жүр. Оның қоғамдық көлік жолақысын 500 теңгеге дейін көтеру туралы ұсынысы мен «Қазақстан антиресейлік бағыт ұстанып келеді» деген сөзі әлеуметтік желілерде қызу талқыланды.  

Фото: Sn.kz