«Аулақ жүріңдер»: Танымал жұлдыздар Талғардағы оқиға туралы пікір білдірді

Әнші Жанар Айжанова бірден ат-тонын ала қашты

Сабина Асқарқызы

  • 17.10.2024

Блогер Жан Ахмадиев бір топ өнер өкілдеріне сұрақ қойып, Талғардағы оқиғаға қатысты пікірін білді, деп хабарлайды Malim.kz.

Танымал тележүргізуші Жанатбек Байтековтің айтуынша, ол іспен тікелей құқық қорғау органдары айналысқаны дұрыс.

"Онымен тікелей айналысып жатқан құқық қорғау органдары бар. Оны актер да, академик та айтуы мүмкін. Бірақ одан өзгеріп жатқан ештеңе жоқ сияқты", - дейді актер Жанатбек Байтеков.

Ал әнші Мирас Бекжанов қоғамды дүрліктірген оқиғаға қатысты пікір білдіруге міндетті емес екенін айтады.

"Жоқ мен ештеңе салған жоқпын. Ол туралы желіге бірдеңе салу міндет емес деп ойлаймын. Жауапты адамдар зерттеп, шешіп жатыр", - деді ол.

Ал әлеуметтік желіде атышулы Хасанмен бірге түскен суреті тараған Жанар Айжанова ат-тонын ала қашты.

"Мен ондайда айтпаймын. Менің шаруам жоқ саясатта. Аулақ жүріңдерші", - деді дәстүрлі әнші.

Жан Ахмадиев ел алдында жүрген танымал адамдардың ел ішінде болып жатқан оқиғаға араласуы керек екеніне тоқталды.

"Әнші болсын, блогер болсын халықтың арқасына күн көріп отырғаннан кейін есеп беруі керек деп ойлаймын. Әншілермен сөйлескіміз келген. Біразы бас тартып, бұл тақырыпты қозғағысы келмейтіндерін айтты", - деді ол.

Байланысты жаналықтар

Динара Сәтжан мешітте неке қидырған сәтін көрсетті

03.04.2025

Сәлем салу ешқандай қиындық тудырмайды – Дана Есеева

31.03.2025

«Жоғал, құрып кет, иттің баласы»: Айнұр Тұрсынбаева баланы қалай тәрбиелеу керегін түсіндірді

31.03.2025

Сотталған вайнердің анасы ұлы туралы айтып, көз жасын жасыра алмады

30.03.2025

«Аурухана ақысы 805 мың теңге»: Танымал блогер жағдайы нашарлап, есінен танып қалған

20.03.2025

Төреғали Төреәлінің қарындасы үйінен үлкен көлемде ақша ұрланғанын айтты

17.03.2025
MalimBlocks
Динара Сәтжан мешітте неке қидырған сәтін көрсетті

Танымал тележүргізуші күйеуімен түскен суреттерін де жариялады

Сәлем салу ешқандай қиындық тудырмайды – Дана Есеева

Блогер отбасылық салт-дәстүрдің қаншалықты маңызды екенін атап өтті

«Жоғал, құрып кет, иттің баласы»: Айнұр Тұрсынбаева баланы қалай тәрбиелеу керегін түсіндірді

Айтыскер баланы қорқытудан аулақ болу керегін атап өтті

Сотталған вайнердің анасы ұлы туралы айтып, көз жасын жасыра алмады

Мейіржан Төребаевтың анасы темір тордағы ұлы туралы айтып, жылап қалды

«Аурухана ақысы 805 мың теңге»: Танымал блогер жағдайы нашарлап, есінен танып қалған

Блогер Камила Әділхан Малайзиядағы медициналық қызметтің қымбаттығын айтты

Төреғали Төреәлінің қарындасы үйінен үлкен көлемде ақша ұрланғанын айтты

Дина Төреәлі бір күнде екі  бала күтушісін жұмыстан босатты