457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Заң мен тәртіп»: 21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусын сатылмайды

Жасы  21 -ге толмаған жасөспірім атаулы энергетикалық сусынды сатып ала алмайды. Зерттеулердің нәтижесі бойынша бұл өнім адамды тәуелділікке әкелуі мүмкін. Сондықтан жас буынға ішуге тыйым салынды.


Өйткені созылмалы ауруы бар тұрғындар үшін энергетикалық өнім өте қауіпті. Қан қысымын жоғарлатады.  Оның құрамындағы кофеин мен таурин  адамның ұйқысын ашады, шөлін басады деген жарнаманы жиі көреміз. Алайда ақ халаттылар сергіткіш сусынның зиянын айтып дабыл қағып отыр.

Уролог Азамат Сандыбайұлының пікірінше, бұл  асқазанды бүлдіріп  қана қоймай, бара-бара бүкіл ағзаны әлсіретеді. Гармондар да бұзылады.   

Заңға бағынбаған жеке тұлғалар 200 АЕК көлемінде айыппұл арқалайды. Ал шағын кәсіп иелері үшін ол 750 АЕК дейін артса, ірі кәсіпкерлер 7 миллион теңгеге жуық қаражат төлеуге  міндеттеледі дейді заңгерлер.

Статистиканы сөйлетсек  2022 жылғы дерек бойынша, елімізде 11мен 15 жас аралығындағы балалардың 43,2%  энергетикалық сусын тұтынған. Ал бұл сан, жыл сайын артпаса, кемімей отыр.  

Дүкен сөресінде түрлі түсті жарнамамен көздің жауын алатын сусынға көбіміз құмармыз. Десе де мұның құрамында нақты қандай қоспалар бар екенін ешкім дөп басып айта алмайды.

Фото: Pyxabay.com