Жаңа тұрғын үй бағдарламасының талаптары мен ережелері қандай

Депозитте кем дегенде 1 млн теңге болуы тиіс.

Malim Админ

  • 05.04.2024

Биыл мамырда елімізде тағы бір тұрғын үй ипотекасы іске қосылады. «Отбасы банкінің» мамандары жаңа тұрғын үй бағдарламасының талаптары мен ережелері туралы  айтты, деп хабарлайды Malim.kz

«Наурыз» ипотекасының басқа тұрғын үй бағдарламаларынан басты айырмашылығы – салымшының депозит (Отбасы банкіндегі депозит) мерзіміне қарамайды, яғни бүгін депозит ашып, ертең бағдарламаға қатысуға болады. Бірақ депозитте кем дегенде 1 млн теңге болуы тиіс. Тағы бір талап қатысушы мен оның отбасы мүшелерінің атында соңғы 5 жыл ішінде жылжымайтын мүлік (тұрғын үй, жер телімі тағы сол сияқты) болмауы қажет.

Несие мерзімі – 19 жыл (20%). Тағы бір айта кететін жайт, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға несие 7%, ал кезекте тұрмағандарға 9% беріледі. Тұрғын үй бағдарламасына 18-62 жас аралығындағы Қазақстан азаматы қатыса алады. Сондай-ақ, қатысушы «Отбасы банкінде» депозиті бар салымшы болуы және табыс көзін растауы міндетті.

Өтініш 2024 жылғы 1 мамырдан бастап otbasybank.kz (баспана маркет платформасы) сайты арқылы онлайн форматта қабылданады. Өтініштерді қарау барысында депозиттің ашылу мерзімі, ондағы сома мен сыйақы көлемі және қатысушының отбасылық жағдайы ескеріледі.

«Отбасы банкі» өкілдерінің айтуынша, «Наурыз» тұрғын үй ипотекасына 300 млрд теңге бөлінеді және тұрғын бағдарламасы 7-8 жылға жалғасады. Айта кетсек, Астана, Алматы, Шымкент қаласы және облыс орталықтарында тек алғашқы нарықтағы тұрғын үйлер ұсынылады.

Еске сала кетсек, 15 наурызда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы баспана жұрттың тұрмыс сапасын танытатын тағы бір маңызды көрсеткіш дей келе, елімізде жаңа тұрғын үй бағдарламасын қолға алу керектігін айтқан еді. 

Фото: prodengi.kz

Байланысты жаналықтар

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

14.05.2025

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

13.05.2025

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025

"Украинаға жұмыс істейді". Ресейде әйел курткасы үшін "экстремизм" күдігімен ұсталды

12.05.2025

Италия өңірін азат етуде қаза болған 36 қазақстандық жауынгер туралы білесіз бе?

12.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

Бұдан бөлек, жоба жасанды интеллектті пайдаланудың кейбір түріне де тыйым салады

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

"Украинаға жұмыс істейді". Ресейде әйел курткасы үшін "экстремизм" күдігімен ұсталды

Италия өңірін азат етуде қаза болған 36 қазақстандық жауынгер туралы білесіз бе?