Жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады

Malim Админ

  • 18.03.2024

Үкімет кезекте тұрғандар, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал санаттары үшін сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй көлемін 4 есе ұлғайтуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектенов Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша өткізген кеңесінде айтылды.

Азаматтардың баспаналы болуын қамтамасыз ету бойынша қойылған міндеттерді шешу үшін Үкімет кезекте тұрғандар, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал санаттары үшін сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй көлемін 4 есе ұлғайтуды жоспарлап отыр.

«Ол үшін қосымша 272 млрд теңге бөлінеді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Отбасы банкімен бірлесіп, 300 млрд теңге сомасына ипотекалық қарыздар беретін жаңа бағдарлама іске қосылады. Жаңа бағдарламаға жұмыс істейтін жастар, жас отбасылар, тұрғын үй төлемдерін алушылар, банк салымшылары, моноқалалардың, аудан орталықтары мен ауылдық елдімекендердің тұрғындары, оның ішінде ақша жинау бойынша міндеттемесі жоқ тұрғын үй кезегінде тұрғандар қатыса алады», - делінген хабарламада.  

Бірінші жылы жаңа бағдарлама есебінен қосымша 12 мың мұқтаж отбасын баспанамен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Жалпы биыл рекордтық 18 млн шаршы метр тұрғын үй салынады, бұл сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

 

Фото: Интернеттен

Байланысты жаналықтар

Ұлытау облысында 11 отбасы жаңа баспанаға ие болды

01.05.2025

Қарағандыда даулы тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды

30.04.2025

Анасынан айырылған 7 бала баспаналы болды

20.03.2025

"Қазақ халқына алғыс". Марқұм Шерзат Болаттың әпкесі баспаналы болды

10.03.2025

Халықтың төрттен бірі ғана елдегі үй сатып алу мүмкіндігіне қанағаттанады – сауалнама

28.01.2025

Былтыр елімізде рекордты 18,9 млн ш.м. үй пайдалануға берілген

16.01.2025
MalimBlocks
Ұлытау облысында 11 отбасы жаңа баспанаға ие болды

Бұл баспаналар әлеуметтік осал топтар үшін салынған

Қарағандыда даулы тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды

Анасынан айырылған 7 бала баспаналы болды

Шымкентте анасынан айырылған жеті балаға пәтер сыйланды

"Қазақ халқына алғыс". Марқұм Шерзат Болаттың әпкесі баспаналы болды

Халықтың төрттен бірі ғана елдегі үй сатып алу мүмкіндігіне қанағаттанады – сауалнама

Статистикада бұл қайта көбейгені саналады

Былтыр елімізде рекордты 18,9 млн ш.м. үй пайдалануға берілген

Үкіметте тұрғын үй құрылысын одан әрі дамыту бойынша кеңес өтті