Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Президент: Менің ұсынысым - есірткі өндірісін ең ауыр қылмысқа теңестіру

Саясат
Президент: Менің ұсынысым - есірткі өндірісін ең ауыр қылмысқа теңестіру

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Құрылтайда есірткі өндірісін ең ауыр қылмысқа теңестіруді ұсынды.

«Қазір есірткі сатқан қылмыскер қатаң жазаға тартылады. Менің ұсынысым: есірткі заттарын өндіретін адамдардың жазасын барынша қатайту керек. Оны ең ауыр қылмыстарға теңестіру қажет. Парламентті бұл бастаманы қолдауға шақырамын», - деді Атыраудағы жиында.

Сонымен қатар, нашақорлық, әсіресе, балалар арасында тез таралып жатқанын айтты.

«Өкінішке қарай, бұл індет жаппай белең алып барады. Тек былтырдың өзінде есірткіге қатысты 7,5 мыңнан астам қылмыс анықталды. Заңсыз айналымнан 41 тонна есірткі алынды. Нашақорлық, әсіресе, балалар арасында тез таралып, жастарымыз уланып жатыр. Есірткімен күрес белсенді жүргізілмесе, ертең бәрі кеш болуы мүмкін», - деді Тоқаев.
 

Фото: Ақорда

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу