«Жүр, тамағыңды же, ырбимай». Желіде тек қазақша түсінетін ит көрерменін таң қалдырды

Ол орысшалап шақырғанға еш құлақ аспайды

Мәди Саматұлы

  • 09.11.2024

Әлеуметтік желіде papa_mailo аккаунтымен танымал қолданушының Майлыбек есімді иті көпшілікті сүйсінтті. Майлыбек тек қазақша айтқанды ғана ұғады, деп хабарлайды Malim.kz.

Видеода Майлыбекке иесі тамақ бермек болады. Бірақ иті оның орысшалап шақырғанына еш құлақ аспайды. Ақырында амалы құрығандықтан қазақшалап айтқанына бірден елең етеді.

«Патриот дегеніңіз осы. «Жүр, тамағыңды же» деп айтпайынша, ең сүйікті деген колбасаның өзіне алданбайды» деп жазды автор.

Ал астына пікір жазғандар Майлыбектің әрекетіне қатты сүйсінген.

«Майлоның партриот екенін біле тұра неге орысша сөйлейсіз және ұрыспаңызшы», «Майлуха қазақша білмейтін қазақтарға қарағанда намысшыл екен», «Ит те біледі қазаққа қазақша сөйлеу керек екенін» деп жазған.

Фото: instagram/papa_mailo

Байланысты жаналықтар

Ақтөбеде итті пышақтаған ер адам ұсталды

12.07.2024

«Ит-мысықтың етін берген»: Шымкенттік «емші» асырап алған балалардың жағдайы белгілі болды

06.06.2024

«Ит-мысықтың етін берген»: Шымкентте 6 бала асырап алған ер адам оларды қорлаған

03.06.2024
MalimBlocks
Ақтөбеде итті пышақтаған ер адам ұсталды

Еріктілер полиция қансырап жатқан итті бір сағат бойы өздеріне бермегенін айтып отыр

«Ит-мысықтың етін берген»: Шымкенттік «емші» асырап алған балалардың жағдайы белгілі болды

Аз да болса салмақ қосып, денелері тазарған.

«Ит-мысықтың етін берген»: Шымкентте 6 бала асырап алған ер адам оларды қорлаған

Түнде ұйықтаған кезде үстін қасымасын деп аяқ-қолдарын байлап қояды екен.