Семейде итті шынжырға асып қойған қаскөйдің жеке басы анықталды

Семейлік полицейлер итті асып қойып өлтірген қаскөйдің жеке басын анықтады

Сұлу Бөлек

  • 21.04.2025

Семейлік полицейлер итті асып қойып өлтірген қаскөйдің жеке басын анықтады, - деп хабарлайды  Malim.kz тілшісі Аbainewskz порталына сілтеме жасап. 

Семейдің тәртіп сақшылары жануарға қатыгездік көрсеткен күдіктінің жеке басын анықтады.

Еске салайық, 12 сәуірде сағат 09:00 шамасында Красный пильщик пен Қабылбаев көшелерінің қиылысында, Силикат зауытының маңынан өтіп бара жатқан адамдар ағаштардың арасынан шынжырға асылған итті тауып алған.

Сол күні Затон полиция бөлімі ҚР қылмыстық кодексінің 316-бабының 2-бөлігі (жануардың өліміне әкеп соққан қатыгездік) бойынша соталды тергеуді бастады.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тергеу барысында жануардың 67 жастағы иесі анықталып, ол әйел бұл қылмыстық құқықбұзушылықты жасағанын мойындады. Қазір бұл іс бойынша бірнеше сот сараптамасы тағайындалды.

Көршілерінің айтуынша, бұл қатыгездікті жасаған әйел психоневрологиялық диспансерде есепте бар, алайда полиция бұл іс жүзінде солай ма, әлде жоқ па екенін нақтыламады.

"Кешенді тергеу нәтижелері бойынша облыс орталығы тұрғынының іс-әрекетіне тиісті құқықтық баға беріледі", — деп хабарлады полиция департаменті.

Айта кетейік, ҚР ҚК-нің 316-бабының 2-бөлігіне сәйкес, оған 200 АЕК-ке дейін (шамамен 800 000 теңге) айыппұл салынуы мүмкін, немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бір жылға дейін айыру немесе 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы көзделген.

Фото: @abainewskz

Байланысты жаналықтар

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай тез төмендеткен он елдің қатарына кірді

19.05.2025

Мысырда қазақстандық әйел қаза тапты

18.05.2025

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

16.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі бұған дейін адамға шабуыл жасағаны үшін 7 жылға сотталған

14.05.2025

Ливияда қақтығыс болып, қауіпсіздік қызметінің басшысы қаза тапты

13.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан ана өлімін айтарлықтай тез төмендеткен он елдің қатарына кірді

Мысырда қазақстандық әйел қаза тапты

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі бұған дейін адамға шабуыл жасағаны үшін 7 жылға сотталған

Ливияда қақтығыс болып, қауіпсіздік қызметінің басшысы қаза тапты